È

Джеки Чан Астанада Қытай кинофестивалін ашады

Джеки Чан Астанада Қытай кинофестивалін ашады

Астанада Қытай киносының фестивалі басталды. Ол 18-маусымға дейін жалғасады. Кинофестиваль аясында «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» («Доспехи Бога: В поисках сокровищ») фильмін таныстыру үшін астанаға арнайы Қытай актері, режиссер әрі продюсер Джеки Чан келді.

Қытай киносының марафоны Астананың барлық кинотеатрларында өтеді. Астана тұрғындары мен қонақтарына режиссер Вэй Йинг Йиптің «Нағыз махаббаты» (2014), Жан-Жак Анноның «Қасқыр тотемі» (2015), Хан Янның «Кет, Ісік Мырзасы!» (2015) және басқа да қытайлық кинематографшыларының жұмыстары көрсетіледі. Көрсетілімдер «Қазтелефильм» мен «China film group» компанияларының көмегімен өтпек.

Сурет Ерлан Қариннің жеке Facebook парақшасынан алынды

Фестиваль «Қазмедиа Орталығының» киноконцерт залында Джеки Чанның қатысуындағы «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» фильмін көрсетумен ашылады.

Шараны өткізуге Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қолдау көрсетті. Кинофестивальдің ұйымдастырушылары «Қазақстан» медиакорпорациясы және ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі Мемлекеттік басқармасы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер