Дженнифер Энистон және Тиг Нотаро саяси комедиядағы басты рөлдерге дайындалуда
Дженнифер Энистон («Сары құстар», «Ессіз ханымдар») және Тиг Нотаро («Ассимиляция қиындықтары» және «Анық» хикаялары) саяси комедиядағы басты рөлдерге дайындалуда. Netflix стримингті алып «Бірінші ханымдар» жобасының түсіріліміне кіріспек және Нотароның осы қызметпен серіктестігі кеңейе түсуде. Оның «Тиг Нотаро: осында бақыттымын» комедиясы жақында, 22 мамырда жарыққа шығады.
Түпнұсқа идея негізінде Тиг Нотаро мен Стефани Аллен («Твин Пикс» және «Одақ» хикаялары) сценариймен белсенді түрде айналысуда. Хикая идеясы – Американың алғашқы әйел-президенті Беверли Николсонның... (Дженнифер Энистон) әйелі, бірінші ханым Кейсимен (Тиг Нотаро) қарым-қатынасы жайлы баяндап беру. Олар Ақ үйге келген соң, әйгілі әр әйелдің артында басқа әйгілі әйелдің тұрғандығын дәлелдейді!
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін