È

«Сары құстар»: Дженнифер Энистон мен Олден Эренрайк Ирактағы соғыс салдарын еңсеруге тырысады

«Сары құстар»: Дженнифер Энистон мен Олден Эренрайк Ирактағы соғыс салдарын еңсеруге тырысады

Lionsgate студиясы режиссер Александр Мурстың («Көк наз») «Сары құстар» әскери драмасының трейлерін ұсынды. Кевин Пауэрстің 2012 жылғы романының желісі бойынша түсірілген бұл таспада анасы (Дженнифер Энистон, «Жаңа жылдық кеш», «Төзгісіз ханымдар») мен ұлы (Олден Эренрайк, «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих», «Жасасын Цезарь!») Ирактағы соғыс салдарын еңсеруге тырысады. Оқиға авторы Пауэрс өзінің кітабын шынайы оқиғалар мен шынайы тәжірибеге сүйеніп жазған, ол 2004-2005 ж.ж. аралығында Иракта пулемётші болған. Биылғы жылдың басында «Сары құстар» «Сандэнс» фестивалінде дебют жасады.

Психологиялық драма мен сұмдық әскери көріністерді біріктіре отырып, Александр Мурс фильмді қарқынды түрде 2010 жылы бірнеше «Оскар» алған әйгілі «Боран әміршісі» картинасынан кем қылмай түсірді. Брэндон Бартл (Олден Эренрайк) және Дэниэл Мерфи (Тай Шеридан, «Бірінші ойыншы дайындалсын», «Икс адамдары: Ақырзаман») Ирактағы қызмет кезінде досқа айналды. Олардың взводтары торуылға тап болған соң, қайғылы оқиға орын алады, Бартл үйіне қайтады, ол қалыпты бейбіт өмір сүріп, қайтыс болған досы Мерфидің (Дженнифер Энистон) анасына көмектесуі тиіс. Ол соғыста болған жағдайға көндігуге тырысады, сол кездегі сұмдық оқиғалардың күңгірт құпиясын барынша сақтап жүреді.

«Сары құстар» әскери драмасы 2018 жылдың 15 маусымында айналымға шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса