È

Апта тұсаукесерлері: Шынайы жаңа өмір

29 наурыздан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптадағы басты фильм - Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын» ғылыми фантастикасы. Эрнест Клайнның аттас романы негізінде түсірілген картина көрермендерді OASIS виртуалды әлеміне апарады. Сондай-ақ, көрермендерді «Мен алпауыттармен күресемін» атты фильмде құбыжықтарға қарсы шыққан жасөспірімнің әсерлі хикаясы күтуде.

 

«Бірінші ойыншы дайындалсын»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Стивен Спилберг

Рөлдерде: Тай Шеридан, Оливия Кук, Бен Мендельсон, Саймон Пегг, Марк Райлэнс

Жанры: фантастика, шытырман, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Оқиға 2045 жылы болған, ол уақытта адам баласы экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшыраған. Барлығы шынайы қатал өмірден тығылып, Джеймс Холлидэй құрған OASIS виртуалды әлеміне ден қояды. Данагөй OASIS’тен сандық «пасха жұмыртқасын» тапқан адамға мұра қалдырып кеткен. Бірақ, қазынаны іздеудің арты бостандық үшін күреске ұласады.

 

«Мен алпауыттармен күресемін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.03.2018

Мемлекеттері: Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Андерс Вальтер Хансен

Рөлдерде: Мэдисон Вульф, Зои Салдана, Имоджен Путс, Сидни Вайд, Рори Джексон, Дон Вичерли

Жанры: фэнтези, триллер

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – мектеп оқушысы Барбара Торсон. Қыз алпауыттарды көре алады. Көне мақұлық бүкіл адамзатты жойып, Жерді өзіне қайтарып алғысы келеді. Барбара әлемді жалғыз өзі құтқара алмайды. Бірақ, саған ешкім сенбесе, ниеттестерді қалай жинауға болады?

 

«Президент демалысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Илья Шерстобитов

Рөлдерде: Дмитрий Грачев, Анна Цуканова-Котт, Настасья Самбурская, Евгений Сидихин, Роман Попов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Президент өзіне демалыс алуды ұйғарады. Қарапайым адамдардың арасында көзге түспес үшін, ол гримердің көмегіне жүгінеді. Бірақ, суретші білмей, президентке Крымда коллекторлерден қашып жүрген қашқынның бейнесін сыйлайды. Елбасын ұмытылмас демалыс күтіп тұр.

 

«Өзіне ұқсамайды»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Стивен Содерберг

Рөлдерде: Джошуа Леонард, Клер Фой, Сара Стайлс, Марк Кадиш, Эми Ирвинг, Колин Вуделл

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ол тұрғылықты жерін, телефон нөмірін өзгертіп, көлігін ауыстырды. Бірақ еркек оны бәрібір тауып алып, маза бермейді. Көңілі түскен әйел заң орындарына жүгінеді, алайда олар қорғаудың орнына әйелді психиатриялық емханаға жатқызады. Уақыт өте келе кейіпкер өзінің шынайылығына күмән келтіре бастайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер