Джим Керри Facebook-тан шығып кетті
Джим Керри Facebook-пен қоштасып, өз парақшасын өшіріп, компания акцияларын сатпақ ниетте. Ол әлеуметтік желілерге қатысты жоспарларымен бөлісіп, Facebook-ке қатысты жағымсыз пікірін: «Олар біздің сайлауға ресейліктердің араласуынан пайда көрді. Оны тоқтатуға қажетінше тырысқан жоқ. Алдағы уақытта мен сияқты әрекет еткісі келетін салымшыларды қолдаймын», - деген болатын. Керридің Twitter-дегі хабарламасында «Fakebook» атауымен сурет енгізілген. Керри, сондай-ақ, бұл жағдайды #UnfriendFacebook хэштегімен белгіледі.
Актер шын мәнісінде осы жазбадан кейін Facebook-тан өз парақшасын өшірген жоқ, бірақ парақшасында оның Twitter-дегі жариялағаны қайталанған. Керридің Facebook-тағы «Jim Carrey is Here» парақшасында бес милионнан аса оқырман бар. Қорқып қалған Керри келесі жазбаны жариялады: «Ұзақ уақыт бойы Америка әлемдегі географиялық жағынан артықшылығы басым және екі жағы мұхитпен қорғалған мемлекет болып келеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер қарқындап дамып кеткендіктен, енді бізге кез-келгені келе алады. Бізді одан ешқандай қоршау да қорғай алмайды. Әлеуметтік желі қолданушыларының жауапкершілігін күшейту керек. Әлем ар-ұяты бар капитализмге мұқтаж».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін