Джулиан Шнабель CBS Films үшін Ван Гог жайлы «Мәңгілік табалдырығында» драмасын түсіреді

2007 жылы «Скафандр және көбелек» фильмі үшін Каннда Алтын пальма бұтағын иеленген режиссер Джулиан Шнабель CBS Films үшін Ван Гог жайлы «Мәңгілік табалдырығында» өмірбаяндық драмасын түсіреді. Қазір өтіп жатқан Канн фестивалінің кинонарығында 2 миллион долларға жуық түсірілім бюджеті бар келісімге қол қойылды. Шнабель таспасының шығуы және фестивальдердегі көрсетілімі биылғы жылдың екінші жартысына жоспарланған.
Басты рөл - әйгілі суретші-постимпрессионист Винсент Ван Гогты «Мәңгілік табалдырығында» фильмінде жақында «Флорида» жобасы» үшін «Оскарға» ұсынылған Уиллем Дефо сомдайды. Сонымен қатар, байопикке танымал актерлар Оскар Айзек («Аннигиляция», «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар»), Руперт Френд («Сталин өлімі», «Жас Виктория») және Мадс Миккельсен («Жалғыз-аластатушы: Жұлдыздар соғысы. Тарих», «Дәрігер Стрэндж») түсті.
Джулиан Шнабель 8 жыл бойы фильм түсірген жоқ, оның соңғы жұмысы «Мирал» 2010 жылы түсірілген. Кәмелеттік жасқа толған палестиналық қызды баяндайтын драма сыншылар тарапынан нашар қабылданып, айналымда табысты бола алмады. Шнабель «Скафандр және көбелек» және «Түн болмай тұрғанда» атты екі фильм арқылы жақсы таныс, бұл таспалар оған әлемдік атақ пен «Оскар» жүлдесін алып келді.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін