È

«Джунгли кітабы» («Книга джунгли»)

«Джунгли кітабы» («Книга джунгли»)

Джон Фавроның «Джунгли кітабы» фильмі Мауглидің қасқырлар үйіріне қосылған соң бірнеше жыл өткеннен кейінгі оқиғадан басталады. Бұл дегеніміз, үйір басшысы фильм басталғанға дейін-ақ кішкене баланың хайуанаттар арасында өмір сүру шартын талқыға салған. Алайда Шерхан атты жолбарыс адамзат баласының жабайы табиғат аясында өмір сүруі мүмкін емес екенін, ерте ме, кеш пе, бұл шешім залал әкелетініне сенімді. Осы бір-біріне тең емес қақтығыста кім жеңіске жетпек: қарусыз адам ба, әлде жыртқыш аң ба? Кітаппен немесе мультфильммен жақсы таныс адамдар бұл сұрақтың жауабын біледі. Бірақ көрермен үшін фильмді жасаушылардың Маугли туралы көлемді әңгімелер жинағын сығымдап, 105 минуттық экран уақытына сыйғызғаны ерекше тосынсый болмақ.

Сонау 1967 жылы АҚШ-та Walt DisneyPictures қазіргі фильмге ұқсас «Джунгли кітабы» атты мультфильм шығарғанын посткеңестік кеңістікте бірі білсе, бірі білмейді. Алайда бұл екеуі екі жанр, мультфильм қызықты оқиғаларға толы анимациялық мюзикл, ал фильмде сол оқиғаларға фэнтези және драма жанры қосылады.

Картина қазіргі заманғы киноның барлық талабына сай келеді, яғи режиссер қысқа ғана мерзімде көрерменді таң қалдыратындай, бір секунд та жалықтырып алмайтындай сюжет құра білген. Қасқырлар арасында өскен бала туралы оқиғаны көрермен жаңаша қабылдау үшін сценарий авторлары Киплингтің өміршең шығармасына аздап түзетулер енгізген. Айталық, кейбір кейіпкерлердің жынысы өзгертілген. Мультфильмде және «Мауглидің» орысша нұсқасында Багира атты пантера даусы нәзік ұрғашы аң болса, фильмде ол еркек. Ал Каа атты жылан дана еркектен ұрғашыға айналған. Фильмдегі оқиғада жолбарыс Шерханның жанында шашбауын көтеріп жүретін қорқау Табаки мүлде жоқ («Біз солтүстікке кетеміз» деп мақтанатын кейіпкер). Есесіне Дисней мультфильміндегідей үнді ормандарында Луи атты бандерлогтар патшасы алып маймыл пайда болған.

Фильмді көріп отырып, оны жасаған топқа тік тұрып қол шапалақтағың келеді. Әсіресе, оқиға өрбіген орын компьютер технологиясының жемісі екенін білгенде таң қалмасқа шараң жоқ. Бұл дегеніміз нағыз сиқыр! Экрандағы компьютерлік графика мен анимацияцияны шынайы джунглиден айыру мүмкін емес. Құдды фильм ну орманда түсірілгендей. 3D графикалық киноленталардың ерекшелігі сол, картина шынайы актерлердің ойынымен бірігіп кетуі тиіс. Осыны ескерсек, Мауглидің рөліндегі Нил Сеттің шеберлігін де айтпай кетуге болмайды. Ер баланың ойыны арғы жағындағы картинамен үйлесімділігі соншалық, ол шын мәнінде ну орманда қасқырлардың арасында өмір сүргендей әсер қалдырады.

Джунглидің тұрғындары Редьярд Киплингтің заманынан бері әлдеқайда өскен. Мысалы, кітап бойынша бандерлог маймылдар адамзат баласынан суық пен жауыннан қорғанатын бұйымды бұтақтардан қалай тоқып алуды үйрену үшін Мауглиді ұрламақ болады. Ал фильмде патша Луи адам баласының көмегімен «қызыл гүлге» (от) қол жеткізіп, бүкіл ну орманға иелік еткісі келеді. Әр кейіпкер Мауглиді өздерінің жақтасы ету үшін барынша шешен сөйлейтіні соншалық, тіпті залда отырған көрерменнің өзі олардың сөзіне сеніп қалады. Қазіргі заманда бұл өте өзекті мәселе. Өйткені бүгінде адамдар бір-бірімен жеке бас пайдасы мен мәнсап үшін араласатыны шындық. Туынды авторларының шеберлігі сол, олар қазіргі заманның осындай ерекшеліктерін өте жеңіл әрі қарапайым мысалдармен берген. Фильлді мұқият талдаған кезде болмаса, мұндай тұстары қарапайым көрерменге байқала бермейді

Күлкілі әзілдер, салмақты тұңғиық атмосфера, әдемі, әуезді америкалық музыка, әндер, шынайы төбелес, нақыл сөздер… «Джунгли кітабында» Мауглиді жан-жақты етіп көрсететін сан түрлі оқиғалар жинақталған. Бір қарағанда бір оқиға келесісімен бір картинада үйлеспейтіндей көрінгенімен, «қалауын тапса, қар жанады» демекші, фильмде оқиғалар әдемі үйлесім тапқан. Бұл мәңгілік құндылықтар туралы өте әдемі фильм. Заманауи технологияның пайдасы зор екені осындайда байқалады, мұны келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру керек. Өйткені бұл фильм кімді болса да, қашан, қай уақытта болса да әсерсіз қалдырмайды. Фильмнің қазақша дубляжы да сәтті жасалған. Сапасы жағынан ресейліктердің дубляжынан еш кем түспейді. Яғни, қазақтілді көрермен фильмді рахаттанып отырып көре алады.

Альберт Ахметов

Аударған Айнұр Сенбаева

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер