È

Қазақстандық тағы 7 фильм Short Film Corner секциясында көрсетіледі

Short Film Corner

17 мамырда жыл сайынғы Каннского кинофестивалі аясындағы Short Film Corner алаңында 7 отандық картина көрсетіледі.

Шетелдік көрермен мен болашақ демеушілерге келесі қысқаметражды фильмдер көрсетіледі:

Режиссер Дархан Төлегеновтың «Маршрут» драмасы. Фильмнің басты кейіпкерлері - әкесі мен баласы. Жексенбілік әке кезекті мәрте баласына келеді, осы жолғы олардың кездесуі ұзақ саяхатқа ұласады. Картина «Сыншылар таңдауы-2017» байқауында үздік шыққан болатын.

«Маршрут» фильмінен кадр

New York Film Academy студенті Алма Баймұратованың «Похоронить молчание» фильмі бойжеткен қызы мен анасының арасынджағы күрделі байланыс жайлы. Аяғы сынған анасы қызықнан өліп қалған итті көмуді өтінеді. Бірақ қызы басқа бірнәрсені көму керектігін түсінеді...

Аян Найзабековтың «Отец» драмасы әкенің махабббат, кек, достық мен қайғы туралы естеліктері. Кинолентаның режиссеры – 2016 жылғы Eurasia Spotlight жеңімпаздарының бірі.

«Отец» фильмінен кадр

Асылхан Шакеновтың «Однажды в маленьком городе» картипнасы. Таңертең өзінің автобусын күтіп тұрған ер адам жолдың арғы бетіндегі аялдамада тұрған қызды байқайды. Енді әрбір таңды кейіпкер әлгі бейтаныс қызды көру үшін асыға күтеді.

Елжас Ертысбаевтың «Белый, черный, серый» картинасы. Қысқаметражды лента ер адамның театрда әйел адаммен танысқысы келгені жайлы.

Short Film Corner секциясына біз бұрын хабарлаған фильмдер көрсетіледі: Диас Әзімжановтың «Ultio» және Бигелді Әбдібектің «MADI» ленталары.

Айта кету керек, 2016 жылы осы секцияда Қазақстаннан 11 картина көрсетілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер