È

Saryarka Short Film Festival фестивалінің сарапшы қазылар алқасы

 Saryarka Short Film Festival фестивалінің сарапшы қазылар алқасы

18 желтоқсанда Астанада Saryarka Short Film Festival деп аталатын жастар арасындағы қысқаметражды фильмдер фестивалі басталады. Фестиваль идеясының авторы отандық актер, «Астана Жастары» жастар ресурсы орталығының жетекшісі Ануар Нүрпеисов.Іс-шара «КазМедиаЦентр» ғимаратында, Астана әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Байқау жұмыстарын бағалау үшін фестиваль дирекциясы қазылар алқасын құрды, оның құрамына 9 белгілі тұлға, отандық кинемотографтың қайраткерлері кірді: режиссер әрі сценарист Тәуекел Сләмбек, кинооператор Әубакир Сүлеев, кинотанушы Назира Мұқышева, режиссер Алма Өтекешева, кинотанушы Инна Смаилова, режиссер әрі сценарист Фархат Шарипов, актер Ануар Нүрпеисов.

қазылар алқасының төрағасы Нөгербек Бауыржан - тарихшы, кино теоретигі, киносыншы, өнертанушы профессор.

Сарапшы қазылар алқасынының шешімімен жеңімпаздар жеті номинация бойынша анықталады: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік әйел адам рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік оператор», «Үздік сценарий» және «Көрермен көзайымы».

Saryarka short film festival мақсатыъ - жас кинематографистерге қолдау білдіру және қазақстандық киноөндірістің дамуына үлес қосу.

Естеріңізге сала кетейік, кинофестивальға қатысуға өтініштерді қабылдау 5 желтоқсанға дейін ұзартылған. Байқау туралы нақтырақ ақпаратты фестивальдың ресми сайтынан ssff.kz таба аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер