È

«Ел Арна» Астана жайлы қысқаметражды фильмдерге байқау жариялады

«Ел Арна» Астана жайлы қысқаметражды фильмдерге байқау жариялады

«Ел Арна» телеарнасы Астанаға арналған қысқаметражды фильмдер арасында байқау жариялады. Жұмыстар 2018 жылдың 31 наурызынан 31 мамырына дейін қабылданады.

Байқау тақырыбы – «Астана. 20 жыл». Байқауға тек Қазақстан Республикасының азаматтарының жұмыстары қатыса алады. Фильмнің ұзақтығы 30 минуттан аспауы керек. Бейнежазбаға қойылатын талаптар: «К», «БА» және «Б14» жас шектеуі, MP4, MOV, AVI және MXF форматтары, суреттің сапасы Full HD 1920-1080, дыбысы mp3 320 kB/sec 48000kHz/24bit, wav 48000kHz/24bit.

Қатысушыларды телеарнаның көркемдік кеңесі бағалайтын болады. Үш үздік картина «Ел Арна» эфирінен көрсетілетін болады.

«Ел Арна» - отандық ойнамалы көркем, деректі және қысқаметражды таспаларға арналған жалғыз телеарналық ресурс. Арна нон-стоп тәртібінде көрсетеді.

Қосымша ақпараттар бойынша мына телефонға хабарласуларыңызды өтінеміз: 8 (7172) 70-10-97.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер