È

«Ел Арна» қысқаметражды фильмдер байқауын жариялады

«Ел Арна» қысқаметражды фильмдер байқауын жариялады. Қазақстан киносы

Тек қана отандық киноны көрсететін «Ел Арна» телеарнасы қысқаметражды фильмдердің арасында байқау жариялады. Оған кез-келген жастағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Байқау 2017 жылдың 1-маусымында басталып, 1-тамызға дейін жалғасады.

Жұмыстарды «Ел Арна» телеарнасының көркемдік кеңесінің мүшелері бағалайды. Өтініштердің арасынан үздік 6 фильм таңдалып, оны 2017 жылдың соңына дейін арна эфирінен көрсетеді.

Байқауға деректі немесе ойын-сауықтық жанрдағы қысқаметражды таспалар қатыса алады. Олар «К», «БА», «Б14» жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Жұмыстарға қойылатын уақыт: ойын-сауықтық бағыттағы кино үшін 30 минут, ал деректі фильмге 15 минут жеткілікті. Сатылымдағы кинотуындылар да келесідей техникалық талаптарға сай болуы тиіс: бейнежазбалар MP4, MOV, AVI и MXF форматында, ұлғайтылған Full HD 1920 – 1080, mp3 320 kB/sec 48000kHz/24bit, wav 48000kHz/24bit дыбыстық форматта болуы қажет.

DVD-ге, қатты дискке жазылған фильмдерде, ftp, wetransfer және т.б. арналары арқылы таралған бейнелерде мынадай ақпараттар болу керек: фильм атауы, хронометраж және байланыс (телефон немесе e-mail). Қатысушының сауалнамасында аты-жөні, тегі, сценарий авторы, режиссер, қоюшы оператор мен басты рөлдерді сомдаушылардың есімі толық көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, фильмнің концепциясы (негізгі тақырыбы), синопсисі (қысқаша мазмұны), жанры және мақсатты аудиториясы жазылуы керек. Әркім өз қалауы бойынша, сауалнамаға қосымша ретінде картина авторының және басты рөлдегі актерлардың өмірбаянын жаза алады.

«Ел Арна» телеарнасы – отандық киноға арналған жалғыз қазақстандық телевизиялық қор. Арна эфирінен қазақстандық режиссерлар түсірген ойын-сауықтық бағыттағы туындылар, көркем фильмдер, деректі картиналар және толықметражды әрі қысқаметражды кинотаспалар көрсетіледі. «Ел Арна» - «Хабар» агенттігінің жаңа жобасы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыздар: 8 (7172) 70-10-97.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер