È

Елена Лисасина Ахмет Байтұрсынов жайлы «Тәуекел» хикаясын түсірді

Елена Лисасина Ахмет Байтұрсынов жайлы «Тәуекел» хикаясын түсірді

«Қажыгерлер» фильмінің табысты айналымынан кейін Елена Лисасина қайтадан режиссерлік орынға отырып, Қазақстандағы білім тақырыбын қозғайтын «Тәуекел» атты көпбөлімді фильмін түсірді.

Сюжетте жас мұғалім Сардар суреттеледі, ол еліміздегі білімнің дамуына белсенді түрде үлес қосады. Ол ақылды, адал әрі өз ісіне берік азамат, бірақ шынайы қаталдықтан қашып құтыла алмайды, кейіпкер ар-намыс жолымен жүруді немесе өз ісін дұрыс атқарудың бірін таңдауы тиіс.

Әр бөлімде флэшбэк бар, соның көмегімен көрермен өткен ғасырға сапар шегіп, сол кездегі және қазіргі мәселердің өзектілігін салыстыра алады, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов өмірінен көптеген қызықты дүниелерді біле алады.

Режиссердің айтуынша, хикая алғашында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын тарихи жоба ретінде қарастырылған, бірақ соңында концепция өзгертілді.

«Тарихи фильмдер сөзсіз, әрдайым қызығушылық тудырады, бірақ контент пен аудиториядан алшақтап, жоба продюсерлері екі кезеңнің - XX және XXI ғасырдың, яғни біздің күндер мен 1909-1937 жылдардағы кезеңді экрандауды ұйғарды. Осылайша, көрермен екі түрлі уақыттағы кейіпкерлердің өмірлік пікірлерін салыстыру мүмкіндігіне ие болады, ал бұл әрдайым қанық, әсерлі, қызықты болмақ», - деді Лисасина.

Сардар рөлін актер Артур Төлепов сомдады. Ахмет Байтұрсыновты Сырым Қашқабаев ойнады. Сонымен қатар, хикаяға Ақерке Бүркітбай, Қуаныш Бейсағалиев, Ләззат Қалдыбекова түсті.

Фильм Алматы мен Есікте 23 күн бойы түсірілді. Көпбөлімді картинаға түрмеден ауылдық фермаға дейінгі 30-дан аса локациялар пайдаланылды.

Хикаяның продюсерлері - Лаура Буембаева және Евгений Семенов. Қоюшы-операторы Александр Вертяков болды.

Білім тақырыбынан бөлек, жобада махаббат, адалдық және отбасылық құндылықтар секілді тақырыптар қозғалады.

«Тәуекел» «Жетінші арна» эфирінен 16 желтоқсаннан бастап көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер