È

Эмир Байғазин Румынияда «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмін таныстырады

Эмир Байғазин Румынияда «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмін таныстырады

Эмир Байғазиннің «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмі алғаш рет Румынияның халқына көрсетілмек. Картина Сфынту-Георге қаласында 6-12 тамыз аралығында өтетін Халықаралық Anonimul авторлық кинофестивалін ашады.

Фестиваль аясында тек қазақстандық режиссердің жаңа картинасының тұсауы ғана кесілмейді, сонымен қатар оның фильмдерінің ретроспективасы өтеді. Эмир Байғазинге «Әлемдік кинематограф сұлулығына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесі табысталады.

Айта кету керек, бұрын мұндай жүлделерге Канн кинофестивалінің жүлдегерлері Пак Чхан-ук пен Мишель Франко және «Оскар» иегері, венгерлік режиссер Иштван Сабо ие болған.

«Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінен көрініс
«Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінен көрініс

«Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» картинасы бозбала мен өзінен үлкен әйел жайлы баяндайды. Кейіпкер фаст-фуд дәмханасында жұмыс істейді. Түнгі ауысымның бірінде ол бейтаныс әйелмен танысады. Картинадағы рөлдерді кәсіби емес актерлар Татьяна Сим мен Бауыржан Нүркеев сомдады.

Фильм түсірілімі Алматыда өтті. Жоба сценарий дайындау үстінде-ақ Hubert Bals Fund голландық қорының, кейін Алматы қаласының әкімшілігінің қолдауына ие болған. Таспа продюсері Эмир Байғазиннің өзі болды, композиторы - Александр Влазнев.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер