È

Эмир Байгазин жаңа фильммен жұмыс істеуді бастады

Эмир Байгазин жаңа фильммен жұмыс істеуді бастады

Режиссёр Эмир Байгазин жасөспірімдер туралы трилогияның үшінші картинасының түсіріліміне дайындықты бастады. Фильмдегі рөлдер үшін жалпы қазақстандық кастинг жарияланды.

Актерлық құрамның жақсы іріктелуі – жас режиссерға тән ерекше қаисеттердің бірі.Халықарылқ сарапшылардың пікірінше, (издания Hollywood Reporter, Variety және басқалар.),қарапайым оқушылар «Асланның сабақтары» және «Жаралы періште» фильмдерінде есте қаларлық, нағыз мамндарға тән ойын көрсетті. Мфсалы, 13 жастағы Тимур Айдарбеков «Асланның сабақтары» фильміндегі рөлі үшін Францияда Амьен қаласында өткен кинофестивальда , «Золотой единорог» жүлдесіне ие болды.

Уақытша атауы «Өзен» деп аталатын картина ерет есеюге мәжбүр жасөспірім Аслан жайлы. Оқшау орнасқан шағын ғана ауылда қатал әке баласын нағыз еркек етіп, өзінің төрт бауырына үлгі болатындай етіп өсіргісі келеді.

Кастингке 5 пен 12 жас аралығындағы келбеті азиялық, қазақша сөйлейтін балалар шақырылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық режиссерлердің ішінде алғашқы болып Эмир Байгазиннің дебюттық жұмысы Берлин халықаралық кинофестиваліне қатысқан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер