Ерлан Қасымжанұлы «Бастық боламын» сериалында әр қазақтың нені армандайтыны туралы айтып берді
«Жетінші арнада» көпсериалы «Бастық боламын» жобасы көрсетіле бастады, режиссеры Ерлан Қасымжанұлы. Қоюшы ретінде бұл оның дебюттық сериалы. бұған дейін ол Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина», «Келинка Сабина 2», «Побег из аула. Операция «Махаббат» фильмдеріне түскен.
- Біз ұжымымызбен бірге Нұртас Адамбайдың жақсы мектебінен өттік. Мен онымен 2010 жылдан бері таныспын. Нұртас Адамбайдың ұйымдастырушылық қабілеті, жұмыс істеу әдісі бізге үлкен тәжірибе болды. енді өзіміздің жобамызды түсіруге деген шабыт келді. Біз скетч-комның алғашқы нұсқасын жазып, «Жетінші арнаға» ұсындық. Талқыдан өткізгеннен кейін арна бізден сериалдың сценарийін сұрады. 16 сериядан тұратын сериалдың әр сериясы 40 минуттан, - дейді Ерлан Қасымжанұлы.
Режиссердың айтуынша, сериал түсіру идеясы оған екі күннен кейін келген. Бір жарым ай бұрын эфир уақытының 700 минутына сценарий жазылған.

«Біздің мақсатымыз: көрерменге сапалы, күлкілі, жарқын, қызықты жоба ұсыну. Біз декорациялар жасамадық, түсірілім Мәдениет үйі, әскери бөлім, фермалар мен егістік далалары бар шынайы ауылда өтті. Ауыл тұрғындарының жергілікті әкім жасап берген жағдайлары бар. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Исаков Алтынбек Ихьяновичке алғы білдіремін», - дейді Ерлан.
Сюжет бойынша 25 жастағы жас жігіт белглі книверситетті «Мемелкеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Ол бастық болуды армандайды. былғары креслода отырып, қзметтік көлігі мен телефоны болғанын қалайды, жылы, жұмсақ жерде отырып, ауыр жұмыс істемесе деп ойлайды. Кеші отырыстырадың бірінде ішімдік ішіп алған жігіт казиноға барып, ол жерде күтпеген жағдайға тап болады. Қиын жағдайдан шығу үшін ол жұрттың бәріне өзінің ағасы оны Европарламентке орналастырғанын айтады. Бірақ шындығында ол Бүлдірген ауылына барып, әкімнің орынбасары болады.
«Кез келген қазақ бастық боғысы келеді. біз қазіргі жастарымыз өздерін өздері сырт көзбен қарасын деп осы жағдайды комедия түрінде көрсеттік», - дейді режиссер.

«Бастык боламын» сериалының түсірілім тобы 45 адамнан құралды. Ерлан Қасымжанұлы өзінің алғашқы жобасында бірден төрт позицияда болды: сценарист, продюсер, режиссер әрі актер. Өндіріспен айналысқан оның Kerec cinema компаниясы. Түсірілім қарашада аяқталды, көпсериялы комедияның монтажы қосымша жүріп жатыр.
Ерлан актерліктен түбегейлі бас тартып, режиссерлықпен айналысуды әзірге жоспарлап отырған жоқ. Қазір ол басқа да киножобалға кірісуді жоспарлап отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін