È

Ерлан Нұрмұхамбетов жапон кинокомпаниясымен бірігіп, фильм түсірмек

Ерлан Нұрмұхамбетов жапон кинокомпаниясымен бірігіп, фильм түсірмек

Режиссер әрі сценарист Ерлан Нұрмұхамбетов Tokio New Cinema жапон кинокомпаниясымен бірігіп, толықметражды фильм түсіруді жоспарлап отыр. Болашақ кинотаспа «Барымташылар» деп аталады және вестерн бағытында ойластырылған.

Екі жақтың кездесуі Қазақстанның Канндағы ұлттық павильонында өтті. Келісім меморандумына сәйкес, Ерлан Нұрмұхамбетов режиссерлік орынды «Шынашақ» (2014) және «Харуконың паранормалды лабораториясы» (2015) жұмыстарын түсірген 35 жасар Лиза Такебамен бөліседі. Продюсерлік қызметті Қазақстаннан Юлия Ким, ал Жапония жағынан 17 жобада жұмыс тәжірибесі бар Сёдзо Итияма атқарады.

Айта кету керек, Нұрмұхамбетов жобасына ұзақ уақыт бойы қаржы іздеген. Былтырғы жылы кинематографшы «Барымташыларды» шетелдік демеушілерге және Канндағы продюсерлерге ұсынған болатын. Сәттілік ұзақ күттірген жоқ: Tokio New Cinema компаниясы фильмге қызығушылық танытып, жақында коөнім құруға кірісіп кетті.

Еске салсақ, Ерлан Нұрмұхамбетов – 20-шы Пусан халықаралық кинофестивалінің жүлдегері. Оның «Жаңғақ тал» картинасы «Жаңа ағым» бөлімінде жеңіске жеткен болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер