È

Ермек Тұрсынов алғаш рет халықтан көмек сұрады

Ермек Тұрсынов алғаш рет халықтан көмек сұрады

Кинорежиссер әрі Кинематографистер одағының төрағасы Ермек Тұрсынов алғаш рет халықтан көмек сұрады. Дегенмен, қоюшы өзі үшін емес, өзінің «Кенже» фильмінде ойнаған жас актер Айбек Жебеген үшін сұрап отыр. Тұрсынов бұл жайлы Facebook парақшасында хабарлады.

«Менен көмек сұрады. Көмектесуімді өтінді... Маған әр түрлі жағдайлармен жиі хабарласады. Барлығын тыңдауға тырысамын. Кейбіреуіне көмектесе алсам, енді біріне мүмкіндік болмай жатады. Бірақ, бұл жолы мәселені жалғыз өзім шеше алмаспын.

Не туралы екенін түсіндіре кетейін. Үш-төрт жыл бұрын мен фильм түсірдім. «Келін» - «Шал» - «Кенже» трилогиясының соңғы бөлімін таспаладым. Бұл картинамен салмақты топ айналысты. Тіпті, бірнеше топ деуге болады. Шетелдіктер көп болды. Казақстан жағын көбінесе, актерлар мен әкімшілік таныстырды. Айбек есімді бала есімде қалыпты. Дарынды. Тіл табысқыш. Күлкілі. Сол кездің өзінде бұл баланың болашағына сенген едім. Түсірілім оңай болмады. Бірнеше елдерде түсірдік. Жолға да жиі шықтық. Айбек барлығына шыдады. Қарсылық көрсетіп, анасына шағымданған жоқ. Соңына дейін, еркектерше төзімділік танытты.

Сонымен, түсіріп біттік. Картина жарыққа шықты. Содан кейін, баланы көрмедім. Бірақ, оны есімде сақтап қалдым, себебі түсірілім алаңындағы мұндай бала актерлардың ерекше екендігі рас.

Жақында маған соның анасы хабарласты. Венера. Жаман хабар айтты. Айбек қатты ауырып қалыпты. Көмек керек. Сондықтан, сіздерге хабарлап отырмын. Адамдар, көмектесейікші. Баланы аяйсың. Оны құтқаруымыз қажет (Пунктуация мен орфография сақталды – Ред.) – деп жазды режиссер оқырмандарына.

Ермек Тұрсыновтың жеке мұрағатынан

Белгілі болғандай, балақай қазір Оңтүстік Кореяда екен, сол жақта қаралып жатыр. Дәрігерлер жобамен диагноз қойды – лимфома (онкологиялық ауру).

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 апреля 2018, 00:44

Пусть выздоравливает и встанет на ноги и будет дальше сниматься в кино.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер