È

Ернар Нұрғалиев жаңа «Қазақ аруы» сериалы жайлы

Ернар Нұрғалиев жаңа «Қазақ аруы» сериалы жайлы

«Қазақ аруы» сериалының түсірілім де мәресіне жетті. Түсірілім барысы қалай өтті, түсіру тобы қандай қиындықтарға тап болды, бұл туралы сериалдың режиссеры Ернар Нұрғалиев баяндап берді.

«Түсірілім өте қарқынды жылдамдықта өтті, өйткені барынша аз локация қолданылды. Белгілі бір қиындықтар бас актрисамен жұмыс істеген кезде болды. Мен кәсіби актерлермен жұмысы істеуге үйреніп қалғанмын, өйткені оларға тапсырма бересің, орындайды. Ал дебютанттармен жұмыс істеу оңай емес екен. Оларға бәрін бүге-шігесіне дейін түсіндіруің керек. Бірақ Гүлзада жарады, барынша тырысты. Енді тек көрермен бағасын береді», - дейді режиссер.

«Казак аруы» байқауын экранизациялау идеясы продюсер Баян Мақсатқызынікі, осы осы жобада өзін өзі ойнайды. Ал басты кейіпкерді сомдау дебютант актриса Гүлзада Тұрлаштың еншісінде.

Сондай-ақ картинада көрермендер белгілі әртістер Тәуекел Мүслімді, Нұртас Адамбайды, Гүлназ Жоланованы, Рано Умарованы, Кәмшат Жолдыбаеваны, Жұлдыз Өмірғалиды және Әнел Әрінованы көре алады.

«Казақ аруы» сериалының түсірілімі Алматыда 5 желтоқсанда басталған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер