È

Бұл сіздерге попса емес!

Бұл сіздерге попса емес!

Алматы «Бойжеткен» деп аталатын қысқа метрдің түсірілімі аяқталды. Режиссеры выступил Абдель Фифтибаев, ол бұған дейін «С любовью из Алматы» картинасын түсірген. Екінші режиссер - Айдос Нұрболатов. Операторы - Иван Рясков.
Дыбыс режиссеры - Александр Влазнев. Монтажер - Бауржан Семгалиев. Сценарийін жазғандар – Абдель Фифтибаев, Айдос Нұрболатов және Адиль Коста.

Бұған дейін түсірілім тобы «Бойжеткен» атты толықметражды жоба шығаратындары туралы айтқан болатын. Алайда авторлар алдымен қысқа метр түсіруді шешіпті.

«Ең алдымен тест-шутинг жүргізіп - камераны, актерлерді, операторларды тексеріп, стилімізді қалыптастырып алу үшін қысқа метр түсіруге бел будық, Сценарийді екі күнде жаздық, бірнеше күн дайындық жасап, аптаның аяғында түсірілімге кірістік. Түсірілімге екі жарым күндей уақыт кетті», - дейді Абдель Фифтибаев.

«Бойжеткен» - әр планета адамдарының өмірі жайлы шағын сюжет. Әйел - Шолпаннан, еркек - Марстан, олар бір-бірін ешқашан түсіне алмайды. Бірақ тағдырдың жазуымен олар түрлі қызық жағдайларда кездесіп қалады, осы кехзе олар өзгеше сезімді бастарынан өткереді.

Фильмді жасаушылардың айтуынша, бұл коммерциялық кино емес. фильмде көрерменге әбден жаттанды болып қалған сәнді попса емес, қазақстандық жас рок-музыканттардың музыкасы ойнатылады.

Қысқа метр постпродакшн кезеңінде. Рөлдерде: Александр Галаев ( «Jazz Voda» тобының әншісі), Камилла Нұғманова, Адиль Коста, Марат Шлеев.

«Дайын тұрған видео-превьюмен бізге толық метрді түсіруге ақша табу жеңілірек болады деп ойлаймын. Жүз рет қолды сілтегенше, бір рет көрген жақсы», - дейді режиссер.

Толық метрдің түсірілімі қыркүйек айына жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер