È

Eurasia Spotlight

Eurasia Spotlight

2016 жылдың 25 қыркүйегінде XII Халықаралық «Евразия» фестивалінде Алматыда Eurasia Spotlight бизнес-алаңы ашылады.

Eurasia Spotlight - бұл жыл сайынғы кәсіби кинемотографтар бас қосып, шетелдік әріптестерімен пікір таластыратын, тәжірибе алмасатын интерактивті платформа. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның киноөнеріне қолдау білдіру, дамыту, сондай-жергілікті кинемотографистерге серіктестер мен инвесторлар табуына жағдай жасау.

Іс-шараның бағдарламасына тематикалық дөңгелек үстелдер енеді, онда қазақстандық кинемотографты дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, әлемдік мамандардың кинодағы режиссура, сценарлық өнер, продюсерлік және актерлік шеберлік бағытындағы шеберлік кластары өтеді.

Ұйымдастырушылар SHOW-CASE қазақстандық жобалары аясында кинематографистерді толықметражды, қысқаметражды және деректі фильмдерімен байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың ресми бағдарламасына толықметражды, қысқаметражды, деректі фильмдерден 10-12 жоба іріктеліп алынады. Жобаларды халықаралық эксперттер бағалайтын болады.

Өтініш биылғы жылдың 21 тамызына дейін қабылданады.

Қазақстандық SHOW-CASE добаларына қойылатын талаптар:

- Жоба қазақстандық және халықаралық аудитоияға ұсынуға лайықты, жоғары деңгейде болуы керек;

- Жанр мен бюджетке қатысты шектеу жоқ;

Жобаны (қысқаметражды, толықметражды, деректі, ойын фильмі ) ұсынуда қоса қабылданатын құжаттар:

- Өңделу кезеңінде толықметражды, қысқаметражды, деректі фильмдер

- Өтініштің толтырылған формасы;

- Орыс тілінде жазылған синопсис (максимум 2 парақ);

- Сценаристің, продюсердің немесе режиссердің жоба туралы авторлық кіріспесі орыс тілінде (бірінші парақта).

- Жұмыстары ресми бағдарламаға қатысқан адамдар өз қалауы бойынша «Евразия» байқауының бизнес алаңына да қатыса алады.

- Іс-шараға кіру тегін, Қазақстан киноөндірісінің барлық өкілдеріне есік ашық.

Қатысуға өтінішті немесе аккредитацияны eurasiaspotlight@gmail.com электронды адресіне жібере аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер