È

Фархат Шәріпов тоқсаныншы жылдар жайлы «18кГц» фильмін түсірмек

Фархат Шәріпов тоқсаныншы жылдар жайлы «18кГц» фильмін түсірмек

Режиссер Фархат Шәріпов отандық көрермендерге арнап жаңа фильм әзірлеуде. Кинематографшы жұмыс атауы «18 кГц» толықметражды драмасын түсірмек.

Картина оқиғасы өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарының айналасында өрбиді. Таспа сюжеті өмірлерінде махаббат, есірткі, достық және сатқындық секілді қызық та қиын жағдайлар орын алатын жеткіншектер жайлы баяндайды. Фильм Зара Есенаманның «Хардкор» кітабының желісінде түсірілмек. Кино сценарийін Фархат Шәріпов жазды.

Фильм түсірілімі Алматыда өтеді. Түсірілім алаңында суретші-қоюшы Алексей Шиндин және қоюшы-оператор Александр Плотников жұмыс істейді. Актерлік құрамға өздерін үлкен кинода алғаш рет сынап көргелі отырған жас жігіттер кірмек.

Фархат Шәріповтың сөзінше, «Хардкордың» шығарылымы 2018 жылдың соңына жоспарланған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер