È

«Шежіре» фэшн-фильмі екі халықаралық кинофестивальде жеңіске жетті

«Шежіре» фэшн-фильмі екі халықаралық кинофестивальде жеңіске жетті

Отандық «Шежіре» фэшн-фильмі екі халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды. Картина Гавайиде Honolulu Film Awards-та қысқа метр бөлімінде және Канадада Cinema World Fest Awards-та тәжірибелі кино санатында көзге түсті.

«Шежіре» фэшн-фильмі дизайнер Айнұр Тұрысбектің аттас топтамасының негізінде түсірілген. Сюжетте жауынгер қыз жаудың тұрағынан сәбиді шығарып алады да, туған тайпасына қайтарады. Картинамен режиссер Елена Романова, оператор Алексей Кирюхин және қоюшы-суретші Ақылбек Ерманов айналысты.

Фильм түсірілімі былтыр Алматы облысы, Талғар қаласында өтті. Түсірілімге кәсіби актерлар мен жұлдыздар: RinGO тобы, Ayumi тобы, ВИА Assyl, Әділ Лиян және Нұрберген Махамбетов қатысты.

Honolulu Film Awards фестивалі Оаху аралында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға түрлі жанр мен бағыттағы толықметражды және қысқаметражды фильмдер қатысады. Cinema World Fest Awards бүкіл әлемдегі тәуелсіз картиналар үшін 2017 жылы құрылған.

Айта кету керек, «Шежіре» жеті халықаралық кинофестивальдің негізгі байқауына қатысқан болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер