È

«13 шақырым» фильмі «Рухы биік» фестивалінде жүлделі болды

«13 шақырым» фильмі «Рухы биік» фестивалінде жүлделі болды

Түсірілімі «Қазақфильм» киностудиясында өткен «13 шақырым» деректі картинасы Халықаралық «Рухы биік» православиелік фильмдер фестивалінде марапатқа ие болды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді, режиссері Владимир Тюлькин болды.

«13 шақырым» фильміндегі оқиға зағип диқаншының айналасында өрбиді. Үйіне бара жатып, ол өмірбаянындағы үздік әрі маңызды сәттерді есіне алады, өзінің ішкі жан-дүниесінің нағыз мәнін ұғына бастайды.

«13 шақырым» фильмінен көрініс
«13 шақырым» фильмінен көрініс

Марапаттау кезінде режиссер Владимир Тюлькин шара ұйымдастырушыларына және еңбекті лайықты түрде бағалап, басты кейіпкердің хикаясынан әсер алған сербиялық көрермендерге алғысын білдірді.

«Бұл үшінші жүлде және картинамыздың жүлделерге ие болып жатқанына қуаныштымын», - деді ол кинокартинаны фестивальде таныстыра отырып.

«Рухы биік» ХКФ биылғы қыркүйекте Сербияның Крушевац тарихи қаласында өткен болатын.

kazakhfilmstudios.kz
kazakhfilmstudios.kz

Сондай-ақ, Бразилияда өткен Overcome интернационалды кинофестивальде фильм назардан тыс қалмай, қошеметке ие болды.

ХХVІІІ «Ресей» ашық деректі кинофестивалінде «13 шақырым» таспасы «Жасампаз кейіпкер образын көрсеткені үшін» жүлдеге ие болды.

 

Арайлым Танкаева

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер