«13 шақырым» фильмі Сербиядағы «Рухы биік» фестивалінде көрсетіледі
Деректі жанрында түсірілген қазақстандық «13 шақырым» таспасы Халықаралық «Рухы биік» православиелік кинофестивалінің байқау бағдарламасына енді. Кинокөрсетілім Сербияның астанасы Крушевац қаласында 2018 жылдың 25-28 қыркүйек аралығында өтеді.
«13 шақырым» таспасы - режиссер Владимир Тюлькиннің былтыр таныстырылған жұмысы. Фильм кейіпкері – кішігірім ауылда тұратын зағип фермашы Серік. Ер азаматқа шаруашылықпен айналысып, үй салуға, балаларды тәрбиелеп, білім беруге мүгедектігі кедергі болмады. Серікті көмек сұрап жатып алмай, өздері әрекет ететін адамдар тобына жатқызуға болады.
Биылғы жылы «Рухы биік» кинофестивалі төртінші рет өтпек. Байқау 2015 жылы алғаш өз есігін айқара ашқан болатын. Көрсетілімнің басты мақсаты – православиелік сенімі бар елдердің арасындағы байланысты нығайту. Фестиваль бағдарламасы бүкіл әлемнен келген ойнамалы және деректі фильмдерден тұрады.
Алдыңғы жолы «13 шақырым» фильмі Бразилия және Ресей фестивальдерінде, сондай-ақ Уфада өткен IV «Күміс Ақбозат» фестивалінде таныстырылған болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін