È

«Альфа» фильмі айналым үздігі атанды

30 тамыз бен 2 қыркүйек аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта кассалық жинаққа сараңдау болды. Жаңа оқу жылына дайындық ақыры отандық бокс-офиске әсер етпей қоймады – айналым үздігі 50 миллион теңгені қанағат тұтты. Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингі жайлы толығырақ айта кетсек.

Өткен аптаның айналымында «Альфа» фильмі көш бастады. Картина 53 167 909 теңге жинады. Авторлар жоба туралы алғаш рет 2015 жылдың қыркүйегінде хабарлаған, ал 2016 жылдың ақпанында түсірілім басталды. Фильмнің негізгі көріністері Канаданың Ванкуверінде және Ист Кульде түсірілді. Кейбір материалдар Исландияда қайта түсірілген.

«Бойдақты қалай үйлендіру керек» мелодрамасы 19 855 279 теңге жинады. Фильм Аустралияның Аделаида аймағының орталығында орналасқан Dubost Winery шарапханасында түсірілді. Басты рөлдерді Киану Ривз және Вайнона Райдер сомдады. Актерлар бұрын «Дракула» (1992), «Лайлану» (2006) және «Пиппа Лидің жеке өмірі» (2009) картиналарында бірге жұмыс істеген.

«Бойдақты қалай үйлендіру керек» фильмінен көрініс
«Бойдақты қалай үйлендіру керек» фильмінен көрініс

«Мег: тереңдік құбыжығы» триллерінің жинағы 12 022 100 теңгені құрады. Фильм түсірілімі Жаңа Зеландияда өтті, ал 2017 жылдың желтоқсанында түсірілім тобы Қытайға ауысты. Түсірілім барысында келеңсіз жағдайлар да орын алды. Түсірілімде актриса Руби Роуз суға батып кете жаздады. Қуанышқа орай, барлығы жақсы аяқталды.

«22 миль» картинасы 11 860 200 теңге көлеміндегі пайдаға кенелді. Режиссер Питер Берг актер Марк Уолбергпен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. Екеуі «Аман қалған» (2013), «Патриот күні» (2016) және «Терең сулы көкжиек» (2016) атты үш жобамен айналысқан. Айта кетсек, фильм сценарийі бастапқыда Марк Уолбергке арнап жазылған.

«22 миль» фильмінен көрініс
«22 миль» фильмінен көрініс

«Гоголь. Сұмдық кек» детективті триллері айналымдағы алғашқы аптада 11 749 626 теңге жинады. Таспа «Гоголь» фильмдер топтамасының соңғы бөлімі болды. Соңғы бөлімнің сюжеті Николай Васильевич Гогольдің «Сұмдық кек» повестіне және жазушы өміріндегі деректерге негізделген.

«Аксель» фантастикалық драмасы 10 052 000 теңге жинады. Таспа түсірілімі Лос-Анджелесте, Нью-Йоркте, Буэнос-Айресте және Лондонда өтті. Картинаға Люси Хейл және Хлоя Бриджес түсті. Актрисалар бұрын «Сүйкімді өтірікшілер» (2010 - 2017) хикаясының түсірілім алаңында кездескен болатын.

«Аксель» фильмінен көрініс
«Аксель» фильмінен көрініс

«Слендермен» қорқынышты фильмі айналымдағы екінші аптада 7 662 385 теңге жинады. Кейіпкер Слендермен алғаш рет Желіде пайда болды. Қорқынышты байқауға қатыстыру үшін жерлеу рәсіміндегі костюм киген арық құбыжықты Эрик Кнудсен ойлап тапқан.

«Жануарлар ғаламшары» атыс-шабыс фильмі кассаны 7 658 700 теңгеге толтырды. Фильм «Кайдзи» культті анимесіне және жапон мангасына негізделген. Сценарийін режиссер Хань Янь «Кайдзи» комиксінің авторы Нобуюки Фукумотомен бірге жазды. Ағылшын тілді баспасөз фильмді «Матрица» мен «Аштық ойындары» картиналарымен салыстырды.

Кассалық жинақ рейтингіндегі соңғы тізімде келесі фильмдер бар: «Mamma Mia! 2» - 5 616 600 теңге, «Көрінбейтін қонақ» - 4 071 200 теңге, «Құбыжықтар демалыста: Теңіз шақырады» -3 953 838 теңге, «Вилли мен керемет көліктер» - 2 842 950 теңге және «Мені лақтырып кеткен тыңшы» - 2 757 700 теңге.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

Барлық фильмдердің кестесін афишадан таба аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер