È

Бүркіттің «Тілек тіле» фильмі қарашада шығады

Бүркіттің «Тілек тіле» фильмі қарашада шығады

«Бүркіт» лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов «Тілек тіле» атты екінші фильмінің шығатын күнін жариялады. Комедиялық экшнды отандық көрермендер 2018 жылдың 29 қарашасында тамашалайтын болады.

«Тілек тіле» фильмі жақсы өмірда армандаған бойжеткен жайлы баяндайды. Ол аспанға қарап, қиындықтарды еңсеруге көмектесуін сұрайды. Содан кейін кейіпкер кез-келген арманын орындауға әзір жекелеген періштеге ие болады. Осы кездесуден бастап, бойжеткеннің өмірінде көңілді әрі қызықты оқиғалар орын ала бастайды.

Ұзақ кастингтен соң картинадағы басты рөлді Бүркіт әнші Индира Еділбаеваға сеніп тапсырды. «Бродвейге» берген сұхбатында жас актриса кейіпкермен ұқсастығы жайлы айтып кетті.

Сондай-ақ, негізгі актерлік құрамға Асылбек Мұсабеков, Айым Сейтметова, Бауыржан Сатов және Кентал кірді. Эпизодтарда Баян Алагөзова, Төлепберген Байсақалов, Саят Исембаев, Нұрлан Қоянбаев және Серік Ибрагимов төбе көрсетеді.

Идея авторы әрі фильмнің қоюшы-режиссері Бүркіттің өзі болды. Таспа сценарийін Әуез Әуезов жазды.

«Тілек тіле» комедиясының түсірілімі Алматы мен Дубайда өтті. Картина 2018 жылы мамырдың соңыннан бастап, маусымға дейін түсірілді.

Еске салсақ, 2017 жылы Айбек Жансейітов дебютті режиссерлік жұмысы – «Апан» триллерін жарыққа шығарған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Бауржан

19 тамыз 2018, 21:07

Прошу! Не надо! Нам логово хватило

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер