«Мүмкін бе, жоқ па?» фильмі Open Central Asia Festival-ге қатысады
«Мүмкін бе, жоқ па?» әлеуметтік фильмі Open Central Asia Festival-дің қатысушысы атанды. Екінші фестиваль 5-15 қана аралығында Ұлыбританияның Лондон қаласында өтпек. Қазақстан картинасының көрсетілімі 11 қазан күні болады.
«Мүмкін бе, жоқ па?» драмасы - Уильям Шекспирдің «Гамлет» пьесасының талдауы. Сюжетте мүмкіндігі шектеулі Тахирдің өмірі баяндалады. Бозбала актер болуды армандайды, бірақ оның диагнозымен бұл мүмкін еместей көрінеді. Дегенмен, күш-жігер мен еңбек және жақсылыққа деген сенім кейіпкерді арманына жақындата түседі. Басты рөлді Тахир Омаров сомдады. Картинаны «АРДИ» қорының қолдауымен Азизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков түсірді.
Open Central Asia Festival фестивалінің бағдарламасы
Open Central Asia Festival 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Шараның ұйымдастырушысы - Orzu Arts жас театр компаниясы. Фестивальдің мақсаты – мәдени алмасу арқылы Шығыс пен Батысты біріктіру.
Айта кету керек, «Мүмкін бе, жоқ па?» шетелге алғаш рет шығып отырған жоқ. Әлеуметтік драманы Сан-Францискодағы «Superfest» және Мәскеудегі «Кедергісіз кино» кинофестивальдерінде жоғары бағалап үлгерген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін