È

«Қаратас ауылындағы оба» фильмі «Cineticle weekend» кинофестиваліне қатысады

«Қаратас ауылындағы оба» фильмі «Cineticle weekend» кинофестиваліне қатысады. Қазақстан киносы

Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» («Чума в ауле Каратас») фильмі «Cineticle weekend» фестивалінің қатысушысы атанды. Кино оқиға 30-сәуір мен 6-мамыр аралығында Ресейдің екі қаласында – Новосибирск пен Санкт-Петербургта және Беларусь астанасы – Минскте болады.

Фестиваль бағдарламасына якут режиссері Костас Марсанның «Мой убийца» триллері және ресейлік қоюшы Александр Селиверстовтың «Охотники» драмасы кірді.

«Қаратас ауылындағы оба» («Чума в ауле Каратас») картинасы Қаратас ауылы өміріне өзгеріс енгізгісі келетін шыншыл жаңа әкім туралы баяндайды. Кейіпкер ескі қағидалармен күресіп жүргенде, ауыл арасына қауіпті дерт тарала бастайды. Фильм аңыз-хоррор жанрында түсірілген. Бұл туындыға продюсерлер Серік Әбішев пен Айбек Құдабаев, актерлар: Толғанай Талғат, Айбек Құдабаев, Нұрбек Мұқышев, Баймұрат Жұманов, Константин Козлов атсалысты.

Еске сала кетсек, кинотаспа «Үздік режиссер», «Үздік драмалық фильм» және «Үздік қоюшы-суретші» үш номинациясы бойынша «Сыншылар таңдауы – 2017» жүлдесіне ие болған еді.

«Cineticle weekend» фестивалін кино туралы жазатын «Cineticle» интернет басылымы ұйымдастырған. Оның негізін 2010 жылы Ресей және Украина журналистері мен киносыншылары қалаған. Аталған шараның мақсаты - көрермендерді үздік авторлық кинолардың үлгісімен таныстыру.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист