È

«Анаға апарар жол» фильмі «Алтын Глобус» жүлдесінің қазылар алқасына көрсетілді

«Анаға апарар жол» фильмі «Алтын Глобус» жүлдесінің қазылар алқасына көрсетілді

31 қазанда Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы Golden Glob Award америкалық жүлдесінің қазылар алқасына көрсетілді. Фильмнің ресми көрсетілімі London West Hollywood кинотеатрында People, Hollywood reporter, New York Times, USA Today, CNN и Cinema Scope-International Cinema секілді алдыңғы қатарлы БАҚ журналистерінің қатысуымен өтті.

«Анаға апарар жол» ер адамның басындағы қиын тағдырды суреттейді, алдында кездескен бар қиындықты жеңіп, өзінің туған үйіне оралуына оған анасының махаббаты күш берді.

Картинаның Лос-Анджелесте көрсетілуін ұйымдастырған Винсент Бувьенің айтуынша, «Анаға апарар жол» картинасы батыс журналистерінің, жергілікті дистрибьюторлер мен көрерменнің қызығушылығын туғызған. Өйткені олар кинемотографиядағы отбасылық құндылық тақырыбын сағынған сияқты.

Салтанатты іс-шараға Голлиивудтың Шетелдік баспасөз ассоциациясы басшысы Мунавар Хусейн (Munawar Hosain), журналист Бaрбaрoс Tapaн (Tapan Barbaros), фотокорреспондент Армандо Галло (GALLO ARMANDO), Лиза Лю (LIU LISA), актриса әрі әнші Полина Булаткина ((Michaels) қатысты.

Golden Globe Award («Алтын глобус») - ең беделді америкалық жүлделердің бірі, мұны 1944 жылдан бері Голлиивудтың Шетелдік баспасөз ассоциациясы үздік кино мен телеөнімдерге тағайындап келеді.

Номинанттар тізімі 2016 жылдың 12 желтоқсанында жарияланады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер