È

«Анаға апарар жол» фильмін Ресей мен Қазақстанның телекөрермендері тамашалайтын болды

 «Анаға апарар жол» фильмін Ресей мен Қазақстанның телекөрермендері тамашалайтын болды

«Анаға апарар жол» тарихи трамасын кинотеатрдан көре алмай қалғандар үшін картинаны эфирден көру мүмкіндігі туды. Әлия Назарбаеваның мұрындық болуымен тарихи картинаны тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік көрермендер де тамашалай алады.

17 желтоқсанда алғашқы болып фильмді Ресей, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қыр,ызстан, Түркменстан секілді елдер «Бірінші. Әдемдік желі» және «Время» арнналарынан көре алады. 18 желтоқсанда Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмін «КТК» телеарнасының көрермендері бағалай алады.

«Анаға апарар жол» соғыс айырған ана мен баласы жайлы. ұзақ жылдар бойы кейіпкер туған үйіне оралғысы келеді. ел болашағына әсер еткен, айырылысу мен күту, үміт секілді сезімдерге толы тарихи оқиғаны көрермендер эфирден тамашалайды.

Картина прокатқа 2016 жылдың қыркүйегінде шықты. «Анаға апарар жол» фильмінің жүлделері: «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің «Гран-при» жүлдесі, Кинемотографиялық өнер мен ғылым ұлттық академиясының «Тұлпар» жүлдесін «Үздік әйел адам рөлі» (Алтынай Нөгербек) және «үздік операторлық жұмыс» (Хасан Қыдырәлиев) номинациялары бойынша жеңіп алды.

17 желтоқсанда көрсетілім «Бірінші арнада» 15:30-да және «Время» арнасында 23:00-де.

18 желтоқсанда фильм «КТК» арнасында 22:10-да.

Барлық көрсетілім Астана уақыты бойынша.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер