È

«Еркек» фильмі «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ байқауына іріктеліп алынды

 «Еркек» фильмі  «Қырғызстан -  қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ байқауына іріктеліп алынды

Қазақстандық режиссер Берік Жахановтың «Еркек» қысқаметражды фильмі «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ байқауының бағдарламасына енді. ТМД, Грузия және балтық елдеріне арналған VI Халықаралық кинофестиваль 12-15 желтоқсан аралығында Бішкекте өтеді.

«Еркек» фильмі Азамат есімді күрделі жасөспірім жайлы. Жеткіншек көшенің қатал заңымен өмір сүруге үйреніп қалған. Алайда аяқ астынан әкесі пайда болған соң оның өмірі өзгереді.

Бұған дейін фильм был I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалінде көзге түскен болатын. Басты рөлде ойнаған Нұрғали Нұғман «Үздік актер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған еді. .

«Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ «Айтыш» қоры мен Қырғызстанның кинемотграфистер одағының қолдауымен өтеді. Кинобайқау Шыңғыс Айтматовтың құрметіне арналған, жазушы қырғыз киносының негізін қалаушылардың бірі.

Халықаралық бағдарламаға 15 киножұмыс қатысады - әр елден бір картинадан, қатысатын елдер: Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Грузия,Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина және Эстония.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер