«Еркек» фильмі Ярославльдегі ХКФ үздік атанды
Режиссера Берік Жахановтың «Еркек» фильмі «Кино-клик» X ХКФ «Үхздік ойын фильмі» номинациясын жеңіп алды. қысқаметражды лента ойын фильмдер секциясында таныстырылды, оған Беларусия, Ресей, Украина және Өзбекстаннан 37 картина бәсекелес болды.
«Еркек» фильмі Азамат есімді қиын жасөспірім жайлы. Кейіпкер роның өмірінде әкесі пайда болғанша көше заңымен өмір сүреді. Бұл кездесу Азаматтың өмірін мәңгіліккке өзгертеді. Картина I Республикалық «Байкоңыр» қысқаметражды кино байқауында «Үздік актер» номинациясын жеңіп алған.
«Кино-клик» Халықаралық отбасылық және жастар фильмінің ашық байқауы Ярославль мэриясының қолдауымен 2007 жылдан бері өткізіледі. Фестивальдың мақсаты - балалар мен жастарды отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фильмдер түсіруге шақыру. Фестиваль бағдарламасында 6 секция бар: ойын киносы, деректі кино, анимация, репортаж, бейнеклип және әлеуметтік жарнама.
Деректі кино секциясында тағы бір қазақстандық фильмі қатысты. Режиссер Санат Шакиевтің «Комендант Ильменау» лентасы I деңгейдегі дипломға ие болды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін