È

Қазақстандықтың «Әділдік оқтары» фильмі Лос-Анджелесте көрсетіледі

Қазақстандықтың «Әділдік оқтары» фильмі Лос-Анджелесте көрсетіледі

Режиссер Тимур Тұрысбековтың «Әділдік оқтары» жобасы Лос-Анджелес көрермендеріне көрсетілмек. Картина көрсетілімі АҚШ-тағы хоррор-фильмдердің ең ірі фестивалі – Screamfest аясында өтеді.

«Әділдік оқтары» - трэш жанрындағы хикая ретінде ойластырылған жоба. Хикая ортасында бұрынғы баскесер Роб, ол үлкен шайқастан өтеді. Адамдар мен шошқаларды будандастырудан пайда болған жаратылыстар әлемге сыймай бара жатыр. Оларға тек тобымен бірге Робтың ғана шамасы келеді.

«Біз түрлі фестивальдерге өтініш бердік. Өтінішімізді Screamfest қабылдағаннан кейін, материалды толық аяқтап, толықметражды фильм категориясына қатысуды ұйғардық. «Әділдік оқтары» картинасының тұсауы Screamfest-те биылғы жылдың қазан айында кесіледі. Картинаның болашақ тағдыры және айналымы дистрибьютормен орнатылатын келісім-шартқа байланысты болмақ», - дейді режиссер.

Таспаға Дэнни Трехо, Яна Маринова, Доротея Толева және Тимур Тұрысбековтың өзі түсті.

Айта кету керек, картинаның қысқаметражды нұсқасы бұрын Madrid International Film Festival-ге қатысқан болатын. Фильм «Қысқаметражды фильмдегі екінші қатардағы үздік актриса» (актриса Доротея Толева) категориясында жеңіске жеткен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист