È

«Kingsman: Алтын сақина» фильмі Қазақстандағы жинақ бойынша «Оно» картинасын басып озды

21-24 қыркүйек аралығындағы кассалық жинақ

Қазақстандағы кассалық жинақ өткен аптада әлсіз көрсеткіштерге ие болды: бірде бір кинотаспа 100 миллион теңгеге жете алмады. Алдыңғы демалыстарда алда келе жатқан «Оно» фильмі бірінші орыннан бесінші орынға түсіп қалып, өз орнын «Kingsman: Алтын сақина» картинасына берді. Ал Дэн Буштың «Қойма» триллер біздің көрермендерімізді қызықтырмаса керек. Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған материалымыздан қандай картиналардың жақсы касса жинағанын және кімдердің жеңілгенін біле аласыздар.

Отандық айналымның үздіктерінің қатарында алғашқы демалыста 77 882 500 теңге жинаған «Kingsman: Алтын сақина» фильмі тұр. Картина 2015 жылы жарыққа шыққан «Kingsman: Құпия қызмет» фильмнің жалғасы болып табылады. Жобаның режиссері қайтадан Мэттью Вон («Пипец») болды, ал басты кейіпкерді Тэрон Эджертон («Эдди», «Бүркіт») сомдады. Сиквел 2016 жылдың мамыр айында Англияда түсірілді. Агенттер туралы фильм АҚШ-та 39 миллион доллар жинады.

«Kingsman: Алтын сақина» фильмінен көрініс

Екінші орынға 7 248 000 теңге жинағымен «Лего Ниндзяго фильм» анимациясы жайғасты. Кинотаспаның режиссерлары - Чарли Бин, Боб Логан және Пол Фишер. Мультфильмдегі кейіпкерлерге Джеки Чан мен Дэйв Франко («Жүйке») өз дауыстарын сыйлады. Бастапқыда картина тұсаукесері былтырғы жылдың қыркүйегіне жоспарланған еді, бірақ «Лего Ниндзяго фильм» белгісіз себептерге байланысты биылғы жылдың қыркүйек айында жарық көрді. Мультфильм АҚШ-та 21 миллион доллар жинады.

«Серіктес» Ресей комедиясы 6 256 390 теңге жинаған. Жалпы, фильм Қазақстанда 22 743 208 теңге көлемінде қаржы тапты. Сәбидің үш өлшемді бейнесін жасау үшін шынайы баланың суреттері пайдаланылды және қимыл-қозғалыс технологиясы қолданылды. Сәбиді театр және кино актері Сергей Гармаш дыбыстады.

«Лего Ниндзяго фильм» фильмінен көрініс

«Қойма» триллері демалыс күндері 4 445 256 теңгеге ие болды. Фильмнің қоюшы-режиссері - Дэн Буш, ол «Уильям Зероның өңделуі», «Дыбыс», «FightFuckPray» және «Gil'sChoice» картиналарын түсірген. «Қойма» Джеймс Франко мен Скотт Хэйз үшін бірігіп жасаған алғашқы жұмысы емес. Актерлар бұрын «Роузвуд институты» (2016) және «Шу мен қаһар» таспаларына бірге түскен.

«Оно» қорқынышты фильмі қазақстандықтардың қалтасын 4 174 800 теңгеге жұқартты. Пеннивайз сайқымазақтың рөліне ХьэгоУивинг пен Билл Скарсгард таласқан болатын. Андрес Мускеттидің айтуынша, Скаргард Пеннивайз образын қорқынышты ғана емес, балаша көңілді қылып сомдаған. Кинотаспа штаттарда 30 миллион доллар көлемінде табыс тапқан. Фильм 35 миллионнан тұратын бюджетін ақтады, себебі әлем бойынша жинағы жарты миллиард долларды құрайды.

«Тұтқындар» фильмінен көрініс

Резо Гигинеишвилидің түсірген «Тұтқындар» драмасы тұсаукесерлі аптада 1 923 580 теңге жинады. Таспа негізіне 1983 жылғы шынайы оқиға арқау болды. Яғни, жеті жігіт КСРО-дан қашып кету үшін ұшақты ұрлауға тырысады. Фильм сценарийі 4 жылға жуық уақыт жазылды, ал картина түсіріліміне 2 жыл кеткен. «Тұтқындар» Мәскеуде түсірілді.

Миллионнан аз жинағандар: «Көңілді балақай» - 759 800 теңге, «Эмоджи фильм» - 502 100 теңге, «Ханым» - 232 300 теңге.

Аптаның аутсайдері - 55 000 теңге ғана жинаған «Сенің есімің» анимесі.

 

*Материал «Меломан-Кинопрокат» компаниясының, Comscore және Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалған.

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер