«Миры Мориса Симашко» фильмі «DetectiveFest» кинофестивалінде белгіленді
«Миры Мориса Симашко» отандық фильмі «DetectiveFest» Халықаралық деректі фильмдер кинофестивалінде арнайы жүлдемен марапатталды. Фестиваль Қазақстан, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Иран, Индия, Ресей, Франция, Швейцария және т.б. мемлекеттерден 80 кинокартинаның қатысуымен Мәскеуде өтті.
«Миры Мориса Симашко» деректі фильмінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан халық жазушысы, Ресей мен Орта Азия тарихы туралы жазылған көптеген еңбектердің авторы Морис Симашко Давидовичтің өмірі мен шығармашылығы суреттеледі. Мәдениет қайраткері Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атақты трилогиясын аударған, сол үшін оған Абай атындағы әдеби сыйлық табысталған.
Морис Симашко
Фильмді режиссер-дерекші, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Александр Головински түсірді. Ол бұрындары Мұхтар Әуэзов шығармашылығына арналған «Трагедия триумфатора», жазушы Әбдіжамал Нұрпейісов туралы «Великое безумие пчел» картиналарымен жұмыс істеген. «Миры Мориса Симашко» фильмі «Қазақфильм» киностудиясының негізінде түсірілді.
DetectiveFest 1998 жылы негізін қалаған және бүкіл әлем бойынша деректі жанрда түсірілген үздік фильмдер мен телефизиялық жобаларды таңдауға бағытталған. Ол жыл сайын «Детектив» продюсерлік компаниясының, Ресей мен Мәскеу облысы кинематографистер Одағының, Халықаралық полициялар Қауымдастығының (IPA) қолдауымен Мәскеуде өткізіліп келеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін