È

Арсен Баяновтың джаз туралы «The Stars of American Jazz in Astana» фильмі америкалық айналымға шығады

Арсен Баяновтың джаз туралы «The Stars of American Jazz in Astana» фильмі америкалық айналымға шығады

Режиссер әрі музыкант Арсен Баяновтың «The Stars of American Jazz in Astana» деректі фильмі жақын арада америкалық айналымға шығады, деп хабарлайды 365info.kz.

Картинаның қоюшысы «Экспо-2017» көрмесі аясында өткен Jazzia-2017 фестиваліне барлық танымал джаз музыканттарының келетінін білген кезде, осы фильмі түсіруді ұйғарған. Баяновтың идеясын көрме басшылығы қолдап, «МИР» телеарнасымен бірге деректі таспаны төрт күннің ішінде түсірген.

«The Stars of American Jazz in Astana» дайын болған кезде, қоюшы тобымен бірге фильмді көптеген телеарналарға ротацияға ұсынды, бірақ барлығы бас тартты. Кейін, жұмысты кинофестивальге ұсынып көруді жөн санаған, осылайша олар New York Jazz Film Festival-ге қатысып, жеңіске жетеді.

Фестивальдегі табыс Арсен Баяновқа танымалдылық қана сыйлаған жоқ, сонымен қатар шетелдік продюсерден картинаны көпшілік қауымға көрсету туралы шақырту келді.

Режиссердің айтуынша, фильмі алматылық джаз жайлы, джазды орындайтын танымал музыканттар туралы баяндайды. Ол өз картинасы арқылы америкалық джаз музыкасына біздің, қазақстандық көзқарасты көрсетуге тырысқан.

Еске салсақ, бұл Арсен Баяновтың бірінші жұмысы емес. 2011 жылы ол «Алма-Ата: джаз-қала, блюз-қала, рок-н-рол қаласы» фильмін, кейінірек «Бейресми Алма-Ата» картинасын түсірген.

 

Зарина Рахметова

 

Превью: Жанар Каримова / vlast.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса