È

Экстремизм жайлы баяндайтын «Сенім жолында» фильмі «Еуразия.DOC» кинофестивалінің жүлдегері атанды

Экстремизм жайлы баяндайтын «Сенім жолында» фильмі «Еуразия.DOC» кинофестивалінің жүлдегері атанды

Әсия Байғожинаның «Сенім жолында» атты картинасы Минскте өткен «Еуразия.DOC» ТМД елдерінің деректі кинофестивалінде марапатқа ие болды. Жоба «Қазақфильм» киностудиясымен өндірілді.

Таспада қазақстандық ортадағы радикалды ислам тақырыбы қозғалады. Картинадағы оқиға 2016 жылы жазда Ақтөбеде болған шынайы хикаяға негізделген.

Режиссердің айтуынша, «Сенім жолында» фильмі ресейлік көрермен үшін күтпеген туынды болыпты. Оларды мұндай әрекеттердің (діни экстремизм мен терроризм) Қазақстан секілді бейбіт елде болып жатқаны таң қалдырған.

«Ұйымдастырушылардың өздері ғаламтордан фильмнің үзінділерін тауып алып, маған хабарласты. Әрине, бұл қуантарлық жағдай, фестивальге рахмет. Оның үстіне, мен ешқашан Минск қаласында болмадым, сондықтан бұл екі есе бонус. Жалпы, фестивальге сценарийдің қосалқы авторы Мереке Қасенова екеуімізді шақырды, оған да ұнады», - деді Әсия Байғожина.

Фестивальде қазылар алқасы үш фаворитті таңдады, оның ішінде «Сенім жолында» бар. Бас жүлдені Ресейдің «Форсаж» кинотаспасы иеленді.

Айта кету керек, Халықаралық «Еуразия.DOC» деректі кинофестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар әлемнің 23 елінен 150-ден астам өтініш жинаған. Бірақ, тек 24 жұмыс қана байқауға енді.

 

Арайлым Танкаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер