È

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі Иранда көрсетілетін болады

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі  Иранда көрсетілетін болады. Қазақстан киносы

Сәбит Құрманбековтың «Оралман» әлеуметтік драмасы алғаш рет шетелдік көрерменге «Фаджр» атты 35-ші Халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі. Фестиваль 21-28 сәуір аралығында Иран астанасы Тегеран қаласында болады. Отандық картина «Шығыс панорамасы» конкурстық бағдарламасына Грузия, Испания, Қырғызстан, Ресей мен өзге де мемлекеттердің жұмыстарымен бірге қатысады.

«Қазақфильм» мен «Қадам» киностудияларының өндірістік жұмысы «Оралман» фильмі Ауғанстанда тұратын қазақ отбасының өмірін баяндайды. Ондаған жылдар өткен соң отбасы мүшелері өз Отанына оралуды ойлайды. Жарқын болашаққа үмітпен, сеніммен қараған кейіпкерлер алыс жолға шығады. Картинаның сценарийін Нұрлан Санжар жазды. Әрлеу бөлігімен қоюшы-оператор Марс Омаров, ал драма музыкасымен сазгер Айдос Сағат жұмыс істеді.

Режиссер Сәбит Құрманбеков қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – оралмандар тақырыбын қозғауды көптен бері ойлап жүргенін айтады.

«Фаджр» кинофестивалі Таяу Шығыстағы көне кинооқиғаның бірі болып саналады. Ол 1982 жылдан бері Иранның Тегеран қаласында өткізіліп келеді. Негізгі байқау бағдарламасына әлемнің түкпір-түкпірінен қысқаметражды, толықметражды, деректі фильмдер қатысады. Әділқазылар таңдаған фестиваль жеңімпазына «Хрустальная птица Симорг» басты жүлдесі табысталады.

Биылғы жылы Иран, Түркия және Франция кинематографтарымен қатар, әділқазылар алқасына қазақстандық режиссер Дәрежан Өмірбаев кірді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер