È

«Пришельцы в ауле» фильм кинотеатрларда

«Пришельцы в ауле» фильм кинотеатрларда

отандық киноэкранға «Пришельцы в ауле» фантастикалық фильмі шықты. Өзге ғаламшарлықтар туралы фильм қалай түсірілді, актерлер қалай іздестірілді, бұл туралы Samai Media киностудиясының директоры әрі сценарий авторларының бірі Азамат Итабаев, режиссер Бекзат Әлімбаев, сондай--ақ актер-дебютанттар Кенжебек Ниязов және Ержан Тұрсагұлов айтып берді.

«Фіздің фильмге катинг еліміздің бірнеше қаласында өтті. Кастингке кәәсіби білімі бар небір дарынды балалар қатысты, бірақ біздің таңдауымыз актер-дебютанттарға түсті. Басқа әлемдегі өркениет туралы тақырыпты жайдан жай таңдаған жоқпыз. Біріншіден, арнайым тапсырыс түсті. Екіншіден, бұл қазақстандықтарға фантастика жанрындағы фильмді ұсынудың бір жолы. Біздің кинемотографта ауыл тақырыбы соншалықты өзекті емес, біз өзімізше үлес қосуға тырыстық. Біздің оқиғамыз көрермен көңілінен шығады деп үміттенеміз», - дейді жоба жетекшісі Азамат Итабаев.

«Пришельцы в ауле» - Қазақстандағы бір ауылға тап болған өзге ғаламшарлықтардың оқиғасы. Өздерінің әлеміне қайтқысы келетін өзге ғаламшарлықтар Марат есімді жігітті кезіктіреді. Олар үшін түсініксіз адамдар әлемінде Марат өзге ғаламшарлықтардың жол сілтеушісі болады.

басты рөөлдердің бірін. Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының студенті Кенжебек Ниязов ойнады.

«Бірінші мамандығым метрология және сертификация саласы. Кастингке хабарландыру бойынша келдім. Мен қазылар алқасына дарынымды барынша көрсетуге тырыстым. Түсірілм кезінде қиындықтар болғанын мойындаймын, онсыз болмайды. Соған қарамастан өте жақсы, көңілді сәттер де көп болды. Сөз жоқ, мен мол тәжірибе жинақтадым», - дейді жас актер.

Трэш элементтері бар фантастикалық фильмнің түсірілімі Қаскелеңде, Жандосов ауылында және Үшқоңырда өтті. Түсірушілердің айтуынша , картина бір ай бойы түсірілген.

Өзге ғаламшарлықтардың сырты бейнесімен бүтіндей бір гримерлер тобы жұмыс істеді. Азамат Итабаевтың айтуынша, костюмдер Алматы тігін зауыттарының бірінде тігілген.

«Біздің қолданған техникамыз жаңа. «Марсианин» фильмі де осындай техникамен түсірілген. Бюджетін әзірге айта алмаймын, өйткені тапсырыс берушімен арамызда келісім бар. Бірақ жобаға біршама қаржы жұмсалғанын айта аламын», - дейді Samai Media.

«Пришельцы в ауле» фильмі тек қазақстандық прокатқа ғана емес, қырғызстандық прокатқа да шықты. Авторлар картинаны Қытай нарығына да шығармақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса