Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі прокатта көш бастап тұр
Өткен демалыс күндері көптен күткен картиналар прокатқа шықты. Олар – Ақан Сатаевтың «Районы» , Гэвин О'Коннордің «Расплата» және Тейт Тейлордың «Девушка в поезде».
Тұсаукесерлік киноленталардың көбейгеніне қарамастан «Доктор Стрэндж» фильмі үшін прокаттың екінші аптасы табысты болды. Marvel кинематографиялық кеңістіктің сиқырға арналған алғашқы фильмі 14 922 710 теңге пайда түсірді. Түсірілім үшін толығымен 21 декорланған локация қойылған. Мысалы, Гонконг көшесі Longcross Studios алаңында 170 метрге созылды. Ал Доктор Стрэндждің Святая Святых резиденциясын 10 ай бойы 5 суретші жасады.
Бір миллионға кем табыс әкелген отандық драма «Районы». Картинадан түскен қаржы 13 586 760 теңге. «Районы» AstanaFilmFund қоры аясында түсірілген алғашқы картина, оны 2015 жылы «Астана» банкі, KCG және SataiFilm компаниялары бекітті.
_msry.jpg)
«Расплата» фильмінен кадр
Екінші орыннан үшіншіге сырғыған «Тролли» анимациясы. Көңілді тролльдер туралы оқиға 9 444 650 теңге жинады. Бұл DreamWorks студиясының балалар кітабына негізделмеге үшінші киножобасы.
Тұсаукесерлік аптада «Расплата» 3 815 570 теңге табыс таба алды. Триллер режиссеры - Гэвин О'Коннор, ол бұған дейін «Джейн берет ружье» вестерн-фильмін түсірген. 2011 жылы «Расплаты» сценарийі үздік сценарийлердің «Қара тізіміне» ілінді. Сол кезде авторлардың жоспарында басты рөлінде Мэл Гибсонмен фильм түсіру болды, ал режиссерлері ағайынды Коэн болуы керек еді. Нәтижесінде картинада Бен Аффлек ойнады.
_6rfc.jpg)
«Девушка в поезде» фильмінен кадр
Тейт Тейлордың «Девушка в поезде» фильмі 3 189 370 теңге қаржы тапты. Фильмнің сюжеті Пола Хокинстің осы аттас романымен сәйкес. о баста актерлер құрамы мүлде басқа болған. Кітаптың авторы бас кейіпкер Рэйчелдің рөлінде Мишель Уильямсты көретінін айтқан, бірақ бұл рөл Эмили Блантқа бұйырды. Меганның рөліне Кейт Мара бекітілген болатын, алайда рөлді Хейли Беннетт ойнады. Томды Крис Эванс ойнағысы келген, алайда Марк Уэббтің «Одаренная» фильміне түсіп жатқандықтан ол жобадан кетуге мәжбүр болды. Оның орнын Джастин Теру басты.
«Большой собачий побег» мультипликациялық фильмінің табысы 2 782 680 теңге. Картинаның өнідісімен канадалық және испаниялық мамандар айналысты. Канада тарабы 3D-анимацияға жауап берсе, мультфильмнің түсірілімімен испандықтар айналысты. Режиссерлері Альберто Родригес және Начо Ла Каза. Авторлардың айтуынша, олар мультфильмді Pixar студиясынан кем түсірмеуге тырысқан.

«Большой собачий побег» ультфильмінен кадр
Пркаттың алтыншы аптасы «Анаға апарар жол» фильміне 1 005 700 теңге табыс әкелді. Тағы бір отындақ картина «Тараз» 819 200 теңге жинады.
Миллионнан аздау жинағандар «Ледокол» - 777 200 теңге, «Аисты» - 679 800 теңге, «Кубо. Легенда о самурае» - 585 900 теңге және «Инферно» - 543 060 теңге.
* Материал подготовлен по данным системы Rentrak. В Казахстане к Rentrak подключена сеть кинотеатров Chaplin Cinemas.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін