È

«Районы» фильмі қырғызстандық айналымға шығады

«Районы» фильмі қырғыстандық айналымға шығады. Қазақстан киносы

25-мамыр күні Қырғызстанның барлық кинотеатрынан Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі көрсетілетін болады. Қазақстан драмасы қырғыз көрермендеріне бірінші рет ұсынылмақ. Оның алдында картинаны Якутия тұрғындары мен Санкт-Петербург пен Омск секілді ресей қалалары тамашалап, бағасын берген еді.

Туынды 80-жылдары Алматыда болған оқиғаны баяндайды. Басты кейіпкер жоғары сынып оқушысы Арсен жаңа мектепке ауысып, осы жерден жаңа достар тауып, өз махаббатын кезіктіреді. Бірақ, барлығы оңай болмайды: сол мектеп пен ауданның өзіндік ережелері мен қалыптасқан заңдары бар, ал заңды бұзғандарды қатаң жаза күтіп тұрады. «Балалардың» ортасында өзіндік орнын табу үшін Арсенге өзінің көптеген қағидаларынан бас тартуға тура келеді. Алайда, бұрыс таңдау үлкен қателікке айналуы мүмкін.

«Районы» фильмінің құрамына жас актерлар: Эльтерес Нұржанов, Мәриям Сатаева, Жеңіс Омаров, Санұржан Сүлейменов және т.б. кірді.

Сексенінші жылдардағы оқиғаны 2016 жылы Алматыда жаз мезгілінде түсірген. «Районы» фильмі алғаш рет отандық көрермен назарына өткен жылдың 3-қарашасында ұсынылған болатын.

Картина өндірісімен «AstanaFilmFund» кинокомпаниясы айналысты. Авторлардың айтуынша, фильм бюджеті 130 миллион теңгеден асқан, ал ортақ жинағы 200 миллион теңгені құраған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист