È

«Жаңа бақытпен!» фильмі 2018 жылдың көктемінде жарыққа шығады

«Жаңа бақытпен!» фильмі 2018 жылдың көктемінде жарыққа шығады

Қанағат Мұстафин Айдын Самаханмен бірігіп, «Жаңа бақытпен!» комедиясын түсірді. Режиссерлар қазақ дәстүрі «Қыз ұзатуға» арналған фильмді жарыққа шығармақ.

«Жаңа бақытпен!» фильмінің кейіпкерлері - «Қыз ұзату» салтын өткізуге қатысты ток-шоу түсіріп жүрген жас продюсерлер. Шоуға шынайы жұптар шақырылады, көрермендер оларды жасырын камера арқылы тамашалайды. Кейіпкерлер тойдың алдындағы жағдайды шынайы түрде бейнелеп береді.

Режиссер Қанағат Мұстафин фильмнің басты актерларымен бірге

Картина түсірілімі қарашада басталып, Алматыда өтті. Басты рөлдерді Шәріп Серік пен Айым Сейтметова сомдады. Сонымен қатар, комедияға Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Жан Байжанбаев, Ғани Құлжанов, Әсел Ақбарова және Әмина Малғаждар түсті. Көрермендер эпизодтардан Қайрат Нұртас пен Айқын Төлепбергенді көре алады.

Фильм өндірісімен BOZOK film және Kanaidar Pro кинокомпаниялары айналысты. Жобаның продюсерлері - Айдархан Әділбаев, Ескендір Нұрберген және Фархат Әбдірайымов.

Қазақстандықтар «Жаңа бақытпен!» фильмін 2018 жылы көктемде бағалайтын болады.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 23:00

Ждем, все счастья на новый год.

Baubek Nogerbek

19 февраля 2018, 02:47

Исправьте пожалуйста ошибку, сорежиссера зовут Айдын Сахаман, а не Самахан.

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист