«Спасая сердца людей» фильмі Непалда көрсетілді
Режиссер Оңдасын Тастаевтың «Спасая сердца людей» деректі фильмі Непалда, Катманду өтетін XIV Халықаралық тау кинофестиваліне қатысады. Картина «Қазақфильм» киностудиясының өндірісінде жасалған, ол байқаудан тыс бағдарламада көрсетіледі.Кинобайқау 8-12 аралығында өтеді.
Фильмнің басты кейіпкері - халықаралық дәрежедегі кардиохирург, медиңина ғылымдарының докторы, біздің отандасымыз Юрий Пя. Картинада хирургтың кәсіби қызметі туралы, еліміздің кардиохирургия саласына оның қсоқан үлесі жайлы, алғашқы науқастарының жағдайы жөнінде баяндалады.

Сценарийді жазған Злиха Шымырова. Операторы Мейрам Дәлелхан. Режиссер Оңдасын Тастаев дәл осы «Спасая сердца людей» фильмінің шетелде көрсетілетініне қуанышты.
Катмандудағы Халықаралық тау кинофестивалі 2000 жылдан бері өткізіледі, мақсаты – планетаның таулы аймақтарындағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, пікір алмасу. Фестивальға кинематографистер және кино энтузиастері қатыса алады.
Естеріңізге сала кетейік, «Спасая сердца людей» деректі фильмінің тұсаукесері 2016 жылдың ақпанында Астанада өткен еді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін