È

«Сүйiншi» фильмі «Үздік режиссура»номинациясын жеңіп алды

 «Сүйiншi» фильмі «Үздік режиссура»номинациясын жеңіп алды

«Сүйiншi» деректі фильмі «Үздік режиссура»номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды және қазылар алқасының «ПРЕДАННЫЙ» деп аталаьын арнайы жүлдесімен марапатталды. Душанбеде қысқаметражды кино фестивалі 16-20 қыркүйекте өтті.

Фильмнің басты кейіпкері - Шығыс Қазақстанның ауылдарының біріндегі пошташы. Картинада режиссер қазіргі кездегі ауылдағы тұрмыс пен жергілікті тұрғындардың өмірін көрсетеді.

«Сүйiншi» фильмінен кадр

«Навсоз» Халықаралық кино фестивалі бірінші рет өткізіліп отыр және байқау Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Фестивальдың негізгі мақсаты - жас дарындарға қолдау көрсетіп, киөнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Байқаудың негізгі бағдарламасына 27 картина кірді. Олардың арасында Ауғанстан, Беларусия, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің кинотуындылары бар.

Бұған дейін картина 17-18 қыркүйекте өткен «Байконур» I Республикалық қысқа метражды кино байқауына қатысқан боалтын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер