È

«Сенім жолында» фильмі заманауи қоғамдағы радикалды ислам тақырыбына арналған

«Сенім жолында» фильмі заманауи қоғамдағы радикалды ислам тақырыбына арналған

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ғимаратында заманауи қоғамдағы радикалды ислам тақырыбына арналған «Сенім жолында» атты деректі таспаның тұсаукесері болып өтті. Көрермендерге фильмді режиссер Әсия Байғожина және «Аңсар» реабилитациялық кеңес орталығының директоры Асқар Сәбдин таныстырды.

«Сенім жолында» фильмі – радикалды исламға тап болған отандастарымыздың хикаясы. Кинотаспаның кейіпкерлері – күйеуімен және бес баласымен Сирияға кеткен Жазира, сәтсіз теракттан соң ақтөбелік түрмеде жазасын өтеп жүрген Жансерік, Түркияға ұшып кетіп, кейіннен Сирияға көшіп барған 16 жасар Диана және жарымен, алты баласымен елден кеткен мектеп мұғалімі Марат.

Әсия Байғожина. Фото: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

«Кейіпкерлерді өзіміз іздеп, таптық. Алғашында дін істері жөніндегі комитетке жүгінген едік. Бірақ олар бізге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Аллаға шүкір, жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз, таныстарымыз бен әлеуметтік желілер арқылы фильм кейіпкерлерін тауып алдық. Өкінішке қарай, көпшілігі камераға сұхбат беруден бас тартты. Өте көп оқиғалар болған. Мысалы, біз Сирияға үш рет барып, немересін іздеп таба алмаған азаматты жолықтырдық»,-дейді режиссер.

Әсия Байғожинаның айтуы бойынша, көрермендерді басқа да отандастарымызбен, олардың хикаяларымен таныстыруға болар еді. Алайда, түсірілім мерзімі қысқа еді. «Сенім жолында» фильмі былтырғы жылы түсірілген. Түсірілім Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында және Мәскеу мен Уфада өтті.

Фото: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

«Фильмде қазіргі таңда емі табылмай келе жатқан діни экстремизм індеті туралы баяндалады. Көпшілігі онымен күресудің ең тиімді жолы әлеуметтік әділдік деп есептейді. Бірақ, әлеуметтік әділдігі жоғары Бельгия мен Данияның өзі ИЛИМ (ИГИЛ - Ирак пен Леванттың Ислам мемлекеті – ред.) жауынгерлерінің отаны болып табылады. Осыдан шығатын қорытынды: толыққанды қоғам діни экстремизмге бой алдыруы мүмкін»,-деп қоса кетті «Аңсар» реабилитациялық кеңес орталығының директоры, теолог Асқар Сәбдин.

Картина өндірісімен қоюшы-операторлар Ренат Қосай мен Нұрсат Әкімхан және дыбыс режиссері Бейбіт Исаметов айналысты. Сценарийін Әсия Байғожина және Мереке Қасен жазды.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Тұңғыш Президент - Елбасы қорының қолдауымен түсірілді.

«Сенім жолында» фильмінің постері

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер