È

«Весь мир у наших ног» фильмі америкалық прокатқа шығады

 «Весь мир у наших ног» фильмі америкалық прокатқа шығады

Қазақстандық режиссер Саламат Мұхаммед-Әлидің «Весь мир у наших ног» дебюттық фильмі америкалық прокатқа шығады. Шытырман оқиғалы атыс-шабыс фильмі АҚШ-тағы тұсаукесері 2017 жылдың көктемінде.

«Біздің филтмнің ппрокаты Нью-Йоркте және Лос-Анджелесте болады. Біз лентаны шетелдік көрерменге ұсынатын болғандықтан атауын «Diamond Cartel» («Алмазный картель») деп өзгертуге тура келді. Картинада 2013 жылы өмірден озған оскарлы актер Питер О`Тул өзінің соңғы рөлін ойнады», - дейді Саламат Мұхаммед-Әли.

«Diamond Cartel» картинасының көрсетілімі Cleopatra Entertainment кинокомпаниясының және Shoreline Entertainment қолдауымен өтеді, алғашқысының Солтүстік Америкада, Ұлыбританияда, Австралияда дистрибуциялау құқығы бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Весь мир у наших ног» - экшн элементтері бар боевик. Сюжеттегі басты кейіпкер Әлия есімді қыз. Оның бір ғана қателігі криминал әлеміндегі шытырман оқиғасының бастауы болады. Кейіпкерді қауәп-қатер, шынайы махаббат үшін күрес күтіп тұр.

Фильмнің түсірілім сонау 2011 жылы басталған, үлкен экранға картина тек 2015 жылы шықты.

Картинаға Қарлығаш Мұхамеджанова, Мұрат Бисенбин, Асан Мажит, Арманд Ассанте, Питер О`Тула, Кэри-Хироюки Тагава, Боло Йен және басқалар түсті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер