«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі
«Аманат» және «Құнанбай» екі отандық фильміміз София, Болгарияда өтетін IX Халықаралық MENAR кинофестиваліне қатысады, Картиналар «Фокус» бағдарламасы аясында көрсетіледі. Көрсетілім 14 қаңтарда «Евросинема» кинотеатрында өтеді.
«Аманат» драмасы қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов жайлы, ол өзінің ғылыми еңбектері үшін қығынға ұшыраған. Фильмді түсірген режиссер Сатыбалды Нарымбетов, фильм 2016 жылдың күзінде «Оскар» жүлдесіне ұсынылған болатын.
«Құнанбай» тарихи-биографиялық лентасы ұлы ағартушы ақын абай Құнанбаевтың әкесінің тағдыры жайлы. Картинаның режиссеры, сценарий авторы және актер Досқан Жолжақсынов «Тулпар» Ұлттық кинопремиясының екі бірдей жүлдесін жеңіп алды : «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік сценарий».
«Аманат» фильмінен кадр
MENAR кинофестивалі еуропалық көрерменді кино өнері арқылы ислам мемлекеттерінің мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру. Жыл сайын фестиваль бағдарламасына Таяу Шығыс, Орталық Азия, Солтүстік Африка елдерінен жұмыстар кіреді.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін