È

«Қазақфильм» фильмдері енді «Бродвейде»

«Қазақфильм» фильмдері енді «Бродвейде»

«Бродвей» кинопорталында «Қазақфильм» архивтерімен байытылған онлайн-кинотеатр бөлімі пайда болды. Осылайша, отандық кино көрермендерге тағы да бір табан жақындай түсті.

1 тамыз күні Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ерекше бейнеконтентін онлайн-кинотеатр арқылы тарату жөнінде «Бродвей» кинопорталымен арнайы келісім-шарт жасасты. «Бродвейден» 645 сандық фильмді көруге болады, олардың ішінде 208 картина – ойнамалы кино, 332-сі деректі кино, 105 шақтысы анимациялық кино болып табылады.

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінен көрініс, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өнімі 2016 ж.

Айта кету керек, «Қазақфильмнің» лицензиялық архиві желі қолданушыларына алғаш рет ұсынылып отыр. Киностудияның PR-директоры Дмитрий Шишкиннің айтуынша, ғаламторда өнімнің көбінесе қарақшылық контенті өріп жүр. Аталған мәселені қарастыра келе, киностудия басшылығы контентті ақылы түрде ұсыну шарттары бойынша жекеменшік компаниялармен бірге жұмыс істеуді ұйғарды.

Келісім-шартқа сәйкес, «Қазақфильм» негізінде өндірілген отандық фильмдерді «Бродвей» арқылы аз ғана сомаға, яғни 20 теңгеден 350 теңгеге дейін (бағасы таспаның жарыққа шыққан жылына, жанры мен хронометражына байланысты) көруге болады. Өз кезегінде кинопортал «Қазақфильм» киножобасына ақпараттық қолдау білдіріп, ұсынылған бейнеконтенттің лицензиясыз пайдалануына қарсы күрес жүргізуде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер