È

«Жаңғақ ағашы» мен «Құнанбай» фильмдері Бейжіңде көрсетілетін болады

«Жаңғақ ағашы» мен «Құнанбай» фильмдері Бейжіңде көрсетілетін болады. Қазақстандық кино

«Beijing International Film Festival» аясында Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағашы» мен Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» атты екі отандық фильмі қытайлық көрермен назарына ұсынылатын болады. Картиналар әлемдік кинотаспаларды таныстыратын «Панорама» бағдарламасына кірді.

«Құнанбай» биографиялық-тарихи фильмі - танымал актер, драматург әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың жұмысы. Картина Абай Құнанбаевтың әкесі, болыс Құнанбай Өскенбайұлына арналған. Досхан Жолжақсыновпен бірге Таласбек Әсемқұлов сценарийін жазған бұл кинотаспа халықаралық киноаренаны да мойындатып үлгерді. 2016 жылы «Құнанбай» фильмі «Тұлпар» ұлттық киножүлдесінің төрт марапатына, «Күміс Ақбозат» кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болып, Ресей, Болгария мен Татарстан кинофестивальдерінде халыққа таныстырылды.

Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағашы» комедиялық драмасы да біршама жүлделер алған. 2016 жылы Қазақстан киносыншылар Қауымдастығымен фильм сценарийі үздік деп танылды. Картина Везульде өткен халықаралық кинофестивальде бірден екі жүлде алды, ал Пусан фестивалінде «Жаңа бағыт» секциясының бас жүлдесін жеңіп алған. Сонымен қатар, «Жаңғақ ағашын» Австрия, Польша және Иран халқы тамашалады.

«The Beijing International Film Festival» алғаш рет 2011 жылы Қытай билігінің қолдауымен бастау алды. Биылғы жылы байқауға қатысуға әлемнің 90 елінен 1000-нан астам өтініш келіп түскен. Бірақ, негізгі конкурстық бағдарламаға бар-жоғы 15 жұмыс қабылданды. XVII Бейжің кинофестивалі 19-21 сәуір аралығында өтеді.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

6 апреля 2017, 13:33

Ореховое дерево не смотрел, но Кунанбай довольно хороший фильм, однозначно

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист