È

Қаржылай тәуелсіздер

Қаржылай тәуелсіздер

Бірінші орында 19 343 050 теңге кассамен фантастикалық атыс-шабыс фильмі «День независимости: Возрождение». Актер Джесси Ашер персонаждың ұлын ойнайды, бұрын бұл рөлді Уилл Смит ойнаған. Ал президенттің күйеубаласы Билл Пуллманды Лиам Хемсворт орындады.

Екінші орында мультфильм «В поисках Дори», оның табысы 12 825 030 теңге.

«День независимости: Возрождение» фильмінен кадр

Табыс әкелуді «Заклятие 2» фильмі де жалғастыруда, оның түсірген ипайдасы 8 797 660 теңге. Тируваннамалайда (Үндістан) лентаны тамашалау барысында 65 жастағы ер адам қайтыс болды.

Төртінші сатыда «Иллюзия обмана 2». Картина прокатта 8 505 010 теңге жинады. Бұл лента Майкл Кейн және Морган Фриман сынды актерлердің алтыншы бірлескен жобасы.олардың қатысуымен болатын кезекті фильм - «Уйти красиво».

«Соседи на тропе войны 2» фильмінен кадр

Көшбасшылар бестігін түйіндеген «Соседи на тропе войны 2» комедиясы. Фильм прокатқа 23 маусымда шығып, 7 216 310 теңге касса жинады. Картинаның түсірілімі 2015 жылдың тамыз айныда басталып, қазан айында аяқталған еболатын.

Миллиондаған табыс табуды әлі де жалғастырып келе жатқан «Черепашки ниндзя 2», ол проктта 3 817 730 теңге,ресейлік комедия «Завтрак у папы» 3 262 300 теңге табыс тапты. «Славные парни» криминалдық комедиясын көрермен 1 832 800 теңгеге, ал «Варкрафт» фильмін - 1 584 460 теңгеге тамашалады.

«Олноклассницы» фильмінен кадр

Аутсайдерлер бокс-офисы: «Одноклассницы» - 882 300 теңге, «Алиса в Зазеркалье» - 719 100, «Финансовый монстер» - 354 000 теңге, «Angry birds в кино» - 259 100 теңге, «Кунг-фу Панда» - 29 900 теңге, «Человек из будущего» - 6 300 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер